Партиялық жұмысты жетілдіру қажет

Sayasi ke es byurosyi Жаңалықтар

Кеше «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес бюросы мәжілісінің отырысы өтті. Мәжіліске қала, аудан әкімдері, партия филиалы төрағаларының бірінші орынбасарлары, барлық деңгейдегі мәслихаттар хатшылары, облыстық, қалалық, аудандық мәслихаттардағы партия фракциясының жетекшілері мен депутаттары, партиялық тәлімгерлер қатысты.

????????????????????????????????????

Облыс әкімі, облыстық филиал төрағасы Нұрлан Ноғаевтың басшылығымен өткен бюро мәжілісінің күн тәртібінде алдымен «Нұр Отан» партиясы Құрманғазы аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Бибоз Шаяхметовтың, Исатай  аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Марат Мурзиевтың соңғы екі жылда атқарылған жұмыстары туралы мәселе талқыланды.

Екі ауданда да аталмыш партияның басшылығымен қолға алынған партиялық жобалар мен бағдарламалардың орындалу барысында қоғамдық, саяси-ұйымдастырушылық жұмыстардың талап деңгейінде екендігі аталып өтілді.  Аумақтық партия филиалдарының жұмыстары бойынша мәселені дайындау мақсатында құрылған жұмысшы тобының жетекшісі, облыстық мәслихаттың депутаты Людмила Ли аталған филиалдардың жұмысында олқылықтардың да барын айтты. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Мұрат Өтешов, облыстық мәслихаттың хатшысы Өмірзақ Зинуллин,  Атырау қаласының әкімі Серік Шәпкенов бірқатар құнды ұсыныс-пікірлерін ортаға салды.

Саяси кеңес бюросы мүшелері «Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты 2016-2021 жылға арналған партияның сайлауалды бағдарламасының «Білім», «Денсаулық сақтау» бағыттары бойынша партиялық тәлімгерлері – облыстық мәслихаттың депутаттары Нұрлы Әйтиева мен  Айбек Ғабдуллиннің баяндамаларын тыңдады.

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Саяси кеңес бюросы мәжілісін қорытқан Нұрлан Асқарұлы партияластар назарын бастауыш ұйымдар рөлін көтеру, партия құрамын сапалық жағынан жетілдіру, партия мүшелерінің тапсырылған іске жауапкершілігін арттыру, орындаушылық тәртіпті қатаң сақтау, қоғамдық қабылдауға келген азаматтардың арыз-шағымдарына сергек қарап, айтылған ұсыныс-пікірлерді аяқсыз қалдырмаудың маңыздылығына тоқталды.

Бұдан соң облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Х.Дос-мұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде, Каспий маңы қазіргі заманғы жоғары колледжінде ашылған IT-сыныптарында болып, олардың жұмыстарымен танысты.

Өз тілшіміз.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз