Жарнама
Жаңалықтар

«Парасатты полицей»

Бұл жолғы сайыста махамбеттіктер үздік көрінді.

Н.Жантөрин атындағы филармонияда облыс ішкі істер органдарының қызметкерлері арасында  дәстүрлі «Парасатты полицей» байқауы өтті. Ол ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне орай ұйымдастырылды.

%d0%bf%d0%b0%d1%80%d0%b0%d1%81%d0%b0%d1%82%d1%82%d1%8b-%d0%bf%d0%be%d0%bb%d0%b8%d1%86%d0%b5%d0%b9

Халық тыныштығын күзетіп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етіп жүрген полицейлер бұл жолы көпшілікке өзге қырларымен көрінді. Қалалық ішкі істер басқармасы, аудандық ішкі істер бөлімдері мен мамандандырылған «Күзет» басқармасы командаларының (жеті) қайсысы да сайысқа үлкен дайындықпен келгендерін байқатты. Тоқталары, жарыста қазақтың ұлттық салт-дәстүрі, тілі мен дінін құрметтеуге айрықша маңыз берілді. Мәселен, «Сөзмерген» деп аталатын екінші кезеңде топ капитандарына «Ұлттаным», яғни қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары туралы, «Мәдениеттаным» — қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі және «Елтаным» — қазақ елі, оның аймақтары хақында сауалдар қойылды. Байқауға қатынасушылар оларға тез, әрі толық жауап беруі керек болды. Нәтижесінде, полицейлер бұл сындардан сүрінбей өтті.

Халық тыныштығын сақтаған қызметкерлеріміздің ержүрек, батылдығынан өзге, кемел ойлы парасатты полицей болуы шарт. Ұйымдастырылып отырған сайыстың негізгі мақсаты да осы. Ішкі істер органдары қызметкерлерінің парасаттылығын байқау, біліктілігімен қоса ойтанымын тану, мемлекеттік тілге деген құрметін  арттыру, — дейді облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары  Қандарбек Бахтыгереев.

Байқауда қай сынақтан да үздік көрінген Махамбет аудандық ішкі істер бөлімінің «Махамбет қырандары» жеңімпаз танылды. Олар енді алдағы күндері ішкі істер министрлігі өткізетін республикалық байқауда Атыраудың намысын қорғамақ.

Азамат БАЗАРБАЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button