Жарнама
Жаңалықтар

ПАРАЛИМПИАДА: Атыраулық 8 спортшы Токиода өнер көрсетеді

27 тамыздан бастап сегіз атыраулық спортшы төрт жылда бір өтетін әлемдік спорт аламаны – Паралимпиада ойындарында бақ сынамақ, деп хабарлайды Атырау өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ең алғаш болып жарыс жолын 27 шілде күні Ануар Сариев бастайды. Содан соң белгіленген ретпен Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлов, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов, ​ Зарина Байбатина, Ержан Сәлімгереев және Нұрлан Домбаев өнер көрсетеді.

Жалпы, қазақстандық спортшылар параойындардың 25 лицензиясын ұтып алған болатын. Олардың сегізі біздің жерлестерімізге тиесілі. Мәселен, ел тарихында алғаш рет парадзюдо лицензиясына ие болған алты спортшының бесеуі – атыраулықтар. Атап айтқанда, олар – Ануар Сариев, Теміржан Дәулет, Ғалымжан Смағұлов, Зарина Байбатина және Жанбота Аманжол. Ал, бұдан бұрын маңызды жолдамаға паратаеквондошы Нұрлан Домбаев пен паражүзуден Ержан Сәлімгереев қол жеткізген еді.

Ендеше, бұған дейін түрлі халықаралық жарыстарда топ жарып жүрген жерлестерміз Токиода өтетін паралимпиада ойындарында ел намысын абыроймен қорғайды деп сенеміз.

Назарларыңызға атыраулық спортшылардың Паралимпиада ойындарындағы кестесін ұсынамыз:

27 тамыз — Сариев Ануар (дзюдо) 06:30-09:30; 12:00-14:40

28 тамыз — Дәулет Теміржан (дзюдо) 06:30-09:30; 12:00-14:40

28 тамыз — Смағұлұлы Ғалымжан (дзюдо) 06:30-09:30; 12:00-14:40

29 тамыз — Аманжол Жанбота (дзюдо) 06:20-10:00; 12:20-15:50

29 тамыз — Ерлан Өтепов (дзюдо) 06:20-10:00; 12:20-15:50

29 тамыз — Зарина Байбатина (дзюдо) 06:20-10:00; 12:20-15:50

30 тамыз — Ержан Сәлімгереев (жүзу) 05:00-07:25; 13:00-16:00

1 қыркүйек — Ержан Сәлімгереев (жүзу) 05:00-07:20; 13:00-16:40

3 қыркүйек — Нұрлан Домбаев (таеквондо) 06:00-11:00; 13:00-18:10

Еске сала кетелік, паралимпиада ойындары 24 тамыз — 5 қыркүйек аралығында жалғасады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button