Жаңалықтар

Паралимпиада-2024: Қазақстандық параволейболшылар Франция командасын ұтты

img 1722

Франция елінде өтіп жатқан паралимпиада ойындарында отырып ойнау параволейболынан Қазақстан командасы топтық ойындардың алғашқы кездесуінде алаң иелерімен кездесіп 3:0 есебімен жеңіске жетті. Ел командасы алғашқы кезеңде 25:7 есебімен айқын басымдықпен ұтса, екінші кезеңде француздар қарсылық танытып бақты. Алайда тәжірибелі параволейболшыларымыз тартысқа толы ойында 25:20 есебімен басым түсті. Соңғы кезеңде жерлестеріміз басымдықты үдетіп 25:7 есебімен айқын жеңіске жетті.
Енді тамыздың 31-інде Токио-2020 паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері Босния-Герцеговина командасымен кездесу жоспарланған. Ал, үшінші кездесуді 2 қыркүйекте Рио-2016 паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Египет командасына қарсы өткізеді.
Қазақстан командасының басым бөлігін атыраулық параволейболшылар құрайды.

Қазақстан командасының бас жаттықтырушысы Бауыржан Тахауов команданың жеңіске жету жолында барын салғандығын айтып, қолдау көрсеткен жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button