Атырауда «Ауызашар қоржындары» таратылады

qurma Жаңалықтар

«Яғни, ораза кезінде мешіттерде әдеттегідей киіз үй құрылып, ауызашар дастарханы жайылмайды» деп хабарлайды Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.

Атырау облыстық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев бұл шараның пандемияға байланысты, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қолға алынып отырғанын атап өтті.

arman isaev

«Ауызашар қоржындарын мешіттерге ақшам намазына келген жамағатқа таратып беру жоспарлануда. Егер жетімдер үйі, қарттар үйі сынды әлеуметтік нысандарда ауыз бекіткендер болса, ол азаматтар үшін арнайы тізім жасақтап, ауызашар қоржындарын жеткізіп отыратын боламыз. Осы ретте, ауызашар беруге ниетті азаматтар, мешіт қолға алып отырған «ауызашар қоржыны» жобасына да атсалыса алады» деп нақтылады орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы Арман Исаев.

Еске сала кетелік, биыл ораза 13 сәуірде басталады. Қасиетті Қадір түні мамыр айының 8-нен 9-на қараған түні. Отыз күн оразада берілетін пітір садақа көлемі – 420 теңге.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз