Парадзюдошылар жеңісі

Изображение 14436 Жаңалықтар

Жақында Қызылорда қаласында мүмкіндігі шектеулі спортшылар арасында дзюдодан ҚР біріншілігі болып өтті. Тұңғыш рет өткізіліп отырған парадзюдода аудан палуандары зор жетістікке жетті. Атап айтсақ, жерлестеріміз Ғалымжан Махметов 81 келіде ел чемпионы атанса, 60 келідегі Жоламан Жагор мен 66 келідегі Абылай Әділбеков қола жүлдегер атанды. Біздің палуандар осындай нәтиже көрсеткенінің арқасында облысымыз парадзюдодан командалық есепте бірінші орын алды. Жергілікті палуандардың бұл жеңісіне қуанған аудан әкімі Мақсот Мұқанов дүйсенбі күні оларды қабылдап, жеңістерімен құттықтады.

%d0%b8%d0%b7%d0%be%d0%b1%d1%80%d0%b0%d0%b6%d0%b5%d0%bd%d0%b8%d0%b5-14436

– Жігіттердің бұл жетістігі – аудан дзюдосының жаңа парағын ашып отыр. Себебі, біздің аудан бұған дейін дзюдо, самбо, қазақ күресінен жеңіске жетіп жүрсе, енді парадзюдодан да ел біріншілігінде топ жарды. Мүмкіндігі шектеулі бола тұра дүбірлі додада жүлде алу – көп кісінің қолынан келе бермейтін шаруа. Бұл төгілген маңдай тер мен жеңіске деген жігердің нәтижесі деп білемін. Біз мұндай жастарды қолдап, көмек қолын созуға қашанда дайынбыз, – деді әкім.

Д.МӘТЖАН.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз