Пара алған атыраулық полицейге сот үкімі шықты

93082 b0 Жаңалықтар

Атыраулық полицей пара алғаны үшін 840 мың теңге айыппұл төлейтін болды, – деп хабарлайды «Атырау газеті» облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

93082_b0

Сотта анықталғандай, сотталушы 2017 жылдың қараша айында Атырау-Доссор тас жолының бойында кезекшілікте тұрған кезінде Өзбекстан Республикасының азаматының көлігін тоқтатқан.

Тексеру барысында ол көліктің салонында отырған екі азаматының қауіпсіздік белдігін тақпай отырғанын байқап, оларға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама жасайтынын ескертеді. Кейін хаттама жасақтаудың орнына ол жүргізушіден 14 000 теңге көлемінде пара талап еткен.

«Кінәні мойындау туралы процестік келісім негізінде үкім шығаруда сот сотталушының кінәсін мойындауын ескеріп,  ҚР ҚК 366-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танып, оған құқық қорғау органдарында лауазымдарды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырумен, параның алпыс еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 840 000 теңгеге айыппұл салу жазасын тағайындады», – делірген баспасөз хабарламасында.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мақпал Бисембай

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз