Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Пандемия жағдайында құс шаруашылығын қалай жүргізуге болады?

Atr.kz/24 шілде, 2020 жыл.  Пандемия. Қаржылық дағдарыс. Өнім көлемінің күрт төмендеуі. Сұраныстың азаюы. Иә, бүгінгі таңда мұндай жағдайды әлемнің барлық компаниясы мен кәсіпорны бастан кешірді. Әлі де зардабын тартып отыр. Тіпті, басқа да брендтерге қарағанда дүниежүзіне белгілі Louis Vuitton-ның өзі қазіргі ахуалдың салдарынан табысының көп бөлігінен айырылды. Компаниялар тобының жетекшісі Бернар Арно 30 млрд. АҚШ дол­ларын жоғалтқан. Яғни, дағдарыс ешкімді айналып өтпеді. Ал, әлемге атышулы бренд болмағанымен, жергілікті нарықты отандық өніммен қамтамасыз етіп отырған фабрикалардың қызметі қалай жүргізілуде?

 Біздің аймақ өндірісті өңір болғандықтан, негізінен мұнай кәсіпорындары көптеп шоғырланған. Десек те, соңғы жылдары облыста шағын және орта кәсіпкерлік нысандарының қатарын арттыруға, яки, жергілікті өнім түрлерін көбейтуге айрықша мән беріліп келеді. Соның ішінде, құс шаруашылығы қолға алына бастады. Сөйтіп, мұнайлы өлке базарларындағы сөрелерде атыраулық өнім өндірушілердің құс еті, жұмыртқа сатылды. Ол әлі де сұранысқа ие тауарлардың бірі. Айталық, Құрманғазы ауданындағы «Бұйырғын» ауыл шаруашылығы кооперативінің құс етін өндіру кәсіпорны биыл толық қуатында жұмыс істемек. Маңызды жоба жы­лына 540 тонна бройлер етін өндіруді көздейді.

 Қ ұ р м а н ғ а з ы л ы қ кооперативтің бройлер етін өндіру жобасы өткен жылы бастауын алып, бірінші желісі қараша айында іске қосылған еді. Сол уақыттан бері ко­оператив үздіксіз қызмет етіп келеді. Оның басшы­сы Гүлнар Омарғаливаның айтуынша, өнім аудандағы, Атырау қаласындағы сауда орындарында сатылады. Со­нымен қатар, көршілес Ақтөбе қаласына жіберіледі. Қазіргі таңда кооператив бір кор­пустан айына 12-14 тонна көлемінде өнім шығарады.

– Жалпы, маңызды жоба төрт корпуста жұмыс істейді. Қазір оның екеуі ғана қызмет етуде. Өндіріс еш уақытта тоқтаған жоқ. Қатаң дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, жұмысымызды жалғастырып жатырмыз. Себебі, өнімге сұраныс бар. Кооперативке қажетті ар­найы қондырғыларға Ресей Федерациясы, Германияға тапсырыс бердік. Қазіргі таңда соларды күтіп отыр­мыз. Жұмыртқаны, тауықтың жемін Башқұртстаннан аламыз. Инкубация тәсілі арқылы 21 күн дегенде бала­пан шығарамыз. 40-45 күнде тауық болғаннан кейін соямыз. Жергілікті өнімнің сапасы өзгелерге қарағанда әлдеқайда жақсы. Салмағы 500-600 грамм тартатын балапан етінің келісі 1400 теңге тұрады, ал, құстың өзі 2 келі тартады, — дейді бізбен әңгімесінде Гүлнар Омарғалиева.

А л , « А л м а л ы қ ұ с » шаруашылығы әлемдегі ахуалдың салдарынан құс санын азайтуға мәжбүр бо­луда. Соған сәйкес, өнім де азайып, штат саны қысқарған. Мамандардың айтуынша, жаз­да бағаның төмендеуі себепті өнім өз-өзін ақтамайды екен.

Халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету мақсатында отандық өнім өндірушілерге ерекше маңыз берілді. Соны­мен қатар, жылына 5 мың тон­на құс етін өндіретін Махамбет ауданындағы «Мекен Чикен» жобасын да биыл аяқтау жос- парланып отыр.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button