Жарнама
COVID-19: Соңғы поштадан...Жаңалықтар

ПАНДЕМИЯ: Ғалымдар ұжымдық иммунитетті қалыптастыру жолын айтты

Мамандар ұжымдық иммунитетті экономикалық зардаптар мен халықтың психологиялық жүктемесін барынша азайтуға бағытталған дұрыс карантиндік талаптар арқылы қалыптастыруға болатынын айтты.

 Ресей Ғылым академиясының біріккен жоғары температура институтының мамандары COVID-19 таралуының жаңа моделін жасады. Олар адамдардың  60-70%-і емес, 3-10%-і ғана вирус жұқтырса да, ұжымдық иммунитетті қалыптастыруға болатынын анықтады, деп хабарлады sputniknews.kz

Ғалымдар вирусқа қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін халықтың 60-70%-іне дейін инфекция жұқтыруы қажет емес екенін,  карантиндік шаралардың тиімділігі көптеген факторға, соның ішінде ұлттық дәстүр мен өмір салтына байланысты екенін анықтаған. Осыған байланысты карантиндік шараларды таңдау және оңтайландыру әр ел үшін әр түрлі.

БЖТИ ғалымдарының моделі бойынша, жаңа вирустың нақты ерекшелігіне сәйкес, ауру ұзақтығының аз болуы және карантиндік шараларды тиімді қолдану ұжымдық иммунитет пайда болу шегін өзгертеді.

«Аурудың қарқынын едәуір төмендетуге және ұжымдық иммунитеттің қалыптасуына халықтың аз бөлігі, мәселен 3-10% -і вирус жұқтырған кезде де қол жеткізуге болатындығы анықталды», — деп атап өтті институт ғалымдары.

Институт мамандары ұжымдық иммунитетті экономикалық зардаптар мен  халықтың психологиялық жүктемесін барынша азайтуға бағытталған дұрыс карантиндік талаптар арқылы қалыптастыруға болатынын айтты.

«Ғалымдар коронавирус ағымының ұзақтығын, сондай-ақ, карантин талаптарЫН қолданылуын ескере келе, инфекцияның таралуын сипаттайтын жаңа математикалық үлгіні жариялады. Жаңа модель SARS-CoV-2 вирусын жұқтырған кезде инфекцияның сипаттамалық ерекшелігін ескеруге және қолданылған карантиндік шаралардың әсерін анықтауға мүмкіндік береді», — деді институттың баспасөз қызметі.

Институттың мәліметінше, жаңа модель қазіргі уақытта вирустың таралуын сипаттайтын екі негізгі модель — SIS моделі мен SIR моделіне қарағанда, статистикалық деректерге көбірек сәйкес келеді. Бұл модельдер дифференциалдық теңдеулер негізінде құрастырылған. Белгілі бір уақыт ішінде ауырғандар мен жазылып шыққандардың саны ескерілген.

Бірінші, яғни SIS моделі бойынша COVID-19-тен айыққан адамда иммунитет қалыптаспайды және қайтадан ауырып қалуы мүмкін, ал SIR моделі науқас адамда ұзақ уақыт бойы вирусқа қарсы иммунитет сақталатынын болжайды.

Профессор Сергей Тригердің айтуынша, бұл модельдердің ешқайсысы COVID-19 ағымының мерзімдік ерекшеліктерін ескермейді. Демек, вирустарды тасымалдау үшін ең аз дегенде қанша уақыт кететінін және коронавирусқа шалдыққан адамдардың бір-бірімен байланыс орнатқан кездегі жұқтыру дәрежесін көрсетпейді. 

«Қолданыстағы түсіндірмелерді зерттей отырып, вирустың аурудың бірінші күнінде емес, келесі күні көп таралатынын түсіндік. Бұл статистикалық мәліметтерге сәйкес келеді», — деді Тригер.

Оның айтуынша, институтта жасалған вирустың таралу моделі төрт параметрді ескереді: халық саны, вирус жұқтырған адамның бір тәулікте басқа адамдармен байланыс орнату көрсеткіші, инфекция ықтималдығы және вирус ағымының ұзақтығы. Эпидемияның динамикасы, әрине, халық арасында инфекция жұқтырғандардың бастапқы үлесіне де байланысты. Бұл модельде сондай-ақ, ресми статистиканы қолдану арқылы карантиндік шаралар ескеріледі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button