Жарнама
Жаңалықтар

Пәктігінен айырылған ару тұрмысқа шыққаннан кейін жігітінің алдында қалай масқара болғанын айтты

Бүгінгі таңда медицинаның дамығаны соншалық, бұрын мүмкін емес деген дүниелердің бәріне қазір еш қиындықсыз қол жеткізуге болады. Сондай дүниелердің бірі – жасанды қыздық пердесі. NUR.KZ порталына өмірінде опық жеп, жаза басқан бойжеткен хабарласып, көпшілікке өзінің тағдырын баяндауды сұрады. Жастық шақтың буымен қыздығынан айырылған ару тұрмысқа шығар алдында қалай масқара болғанын айтып берді.

pogudxieb1n2fd8qc.335afc20

Арайлым жиырма жаста еді. Бір қарағанда өрімдей жас қыздың өмірлік тәжірибесі аса бай болып шықты. Өзінің сұлулығына тамсанған жігіттердің арбауына түскен қыз он алты жасында-ақ қыз ғұмырындағы ең қастерлі ұғым – қыздығынан айырылған. Дегенмен, ол бұл үшін қатты қайғыра қоймады. Себебі, оның сұлу мүсіні мен сүйкімді келбеті талай жігіттерді өзіне қаратып, талай серілердің өзі артынан жүгіреді. Тұрмысқа шығу туралы мүлдем ойланбайтын Арайлымның пікірі бір-ақ күнде өзгеріп сала береді.

 «Бір күні құрбым Нұргүл келді. Ол маған бір өте ауқатты әрі сымбатты жігітпен танысқанын, ол өзіне сұлу жар іздеп жүргенін айтты. Нұргүлдің ойына бірден мен түсіппін. Мен ол жігіттің барлық критерийлеріне сәйкес келеді екенмін, суретімді де көріп ұнатып қалыпты. Бірақ, бір кемшілігім – қыз еместігім», — деп әңгімесін айтты Арайлым.

Осылайша Арайлым өмірінде бірінші рет қыз емес болғанына өкінеді.  Дегенмен жиырма жастағы бойжеткен бұл кемшілікті де жоюдың амалы бар екенін интернетпен оқып, біліп алады.

«Нұргүл екеуіміз көп ойланып, қыздық пердемді қолдан жасау туралы шешімге келдік. Сөйтіп, орайын тауып Нұргүл әлгі жігіт (кейіпкер жігіттің атын атаудан бас тартты) екеуімізді жолықтырды. Өте сымбатты әрі аса бай екені көрініп тұрды. Менің де ата-анам кедей тұрмайды, бірақ оның әкесінің бірнеше зауыты, жеке кәсібі бар екен. Екіншіден ол да мені ұнатып қалды. Ал мен болсам оған ғашық болдым», — дейді ол.

 Қызды көріп, оған көңілі толған жігіт оған бір аптаның ішінде үйлену туралы ұсыныс жасайды. Нұргүл құрбысының қыз екеніне сендіріп қойған соң, 31-ге келген жігіт шаңырақ көтеруді кейінге қалдыруды жөн санамайды. Ол қыздың ата-анасымен танысып, қыз ұзату тойын да өз мойнына көтеріп алатынын айтқан. Осылайша екі жақ той күнін белгілейді. Нұргүл мен Арайлым да қарап қалмайды. Олар тойға дейін бір апта қалғанда қыздық пердені қалпына келтіру жөніндегі пластикалық ота – гименопластика жасатады. Дәрігер бұл жасанды перде бір аптаға дейін қалпында болатынын, белгіленген мерзімінен асып кетсе, жігіт сезіп қоюы мүмкін екенін айтқан.

Қыз ұзату тойы өтеді. Алайда жігіттің үйі Таразда болғандықтан, олар Астанадан Таразға жетіп, тойға дайындық сол жерде басталады. Осылай қарбаласта жеті күн зулап өте шығады. Арайлымның мазасы қаша бастайды.

«Үлкен тойдан кейін біз неке түнін өткіздік. Алайда жігітімнің алдында масқарам шығып, әшкере болдым. Ол менің қыз емес екенімді біліп қойыпты… Қалай білгенін өзім де түсінбедім. Бетіме айтты. Қатты ашуланған ол Нұргүл екеуімізді түн ішінде қуып шықты. Жалғыз өзі ғана емес, ол туыстарына да шындықты жайып салды. Өмірі естімеген сөзді естідім, туыстары болмағанда ол маған сол жерде не істейтінін білмедім. Өте қорқынышты болып, сұрланып кетті», — деді ол.

Ел алдында масқара болған бойжеткен құрбысымен бірге бейтаныс қалада түнді далада өткізеді. Қалтасында ақшасы да жоқ қыздар таңертең ата-анасына хабарласады. Осылайша ол бір күнде сүйікті жігітінің алдында, ел-жұрттың алдында ұятқа қалады.

«Одан да шындықты айтқаным дұрыс еді. Құрбымды тыңдап, ессіз әрекетке бардым. Ата-анам мән-жайды қанша сұрағанымен ешқандай жауап айта алмадым. Балалық болды. Есесіне, ол жігіттің дүркіретіп жасап берген ұзату тойының ақшасын да қайтарып беруге тура келді. Ол үшін ата-анам қала маңындағы шағын үйін сатты», — деп күйінді бойжеткен.

Осылайша жаза басқан Арайлым қазақ қыздарына әр қадамын бағып, ең басты құндылығы – арын сақтауға кеңес берді.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button