Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Өткен аптаның өзінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылды

22 қаңтар, 2020 жыл. Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, полиция шетелдік көліктерді елден мақсатты түрде шығаруды жоспарлап отырған жоқ.

Былтыр Қазақстандағы шетелдік көліктер 90 мыңнан астам жол ережесін бұзған, деп хабарлайды «Хабар 24».

  • 2018 жылы бұл көрсеткіш 27 мыңның шамасында болған. Бүгін орталық коммуникациялар қызметінде ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев осылай деді.

Оның айтуынша, шетелдік көліктерді тізгіндеген Қазақстан азаматтары 1800-ге жуық жол-көлік оқиғасына себеп болған көрінеді.

«132 адам қаза тауып, 500-ден астам азамат жарақат алды», – деді министрдің бірінші орынбасары.

Сондай-ақ ол қоғамда түрлі пікірталас тудырған Армения және Қырғызстанда тіркелген көліктерге қатысты түсініктеме берді.  

Ресми дерек бойынша, өткен аптаның ішінде 2 мыңнан астам көлік Арменияға қайтарылыпты.

Ішкі істер министрлігі өкілдерінің айтуынша, полиция шетелдік көліктерді елден мақсатты түрде шығаруды жоспарлап отырған жоқ.

Сондай-ақ, мәселені шешудің оңтайлы жолын іздеу үшін Арменияға арнайы топ жіберілген.

Тағы оқыңыз:

http://atr.kz/bez-rubriki/resejlik-k%d3%a9likpen-zh%d2%afrgen-zh%d2%afrgizushiler-ne-isteu-kerek/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button