Әлемдегі ең қауіпті қалалардың тізімі жасалды

photo 45276 Жаңалықтар

Әлемдегі ең қауіпті қалаларының тізімі жасалды. 50 қала жарияланған тізімнің бірінші орнында Мексиканың Лос-Кабос қаласы тұр, – деп жазады «Известия».

photo_45276

Портал мәліметінше, Лос-Кабос қаласында кісі өлтіру оқиғалары өте жиі кездеседі. Рейтингтің екінші орнында Каракас болса, үшінші орында Акапулько қаласы тұр. Жарияланған мәліметтерге қарағанда, ең қауіпті қалалардың рейтингінде көбіне Латын Америкасының қалалары бар: Бразилиядағы 17 қала мен Мексикадағы 12 қала.

Былтыр Мексикада 29 мыңнан аса кісі өлтіру дерегі болған. Бұл соңғы 20 жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш екен. Өткен демалыс күндердің өзінде Мексиканың төрт штатында 44 адам зорлықтың құрбаны болған. Қаза болғандардың ішінде әйелдер мен балалар бар, сондай-ақ, 4 жасар қыз да болған.

Хорлан Смадияр

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз