Жарнама
ЖаңалықтарМедицина

Отбасылық медиацияны қалай дамытамыз?

Жуырда «Нұр Отан» партиясы Атырау қалалық филиалында облыс әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім»  коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен аналар кеңесінің «Отбасылық медиация» атты кеңейтілген семинары өтті. Семинарға Президент жанындағы  «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесінің медиация және халықаралық ынтымақтастығының сектор меңгерушісі Жанар Үсіпбекова қатысты.

Отбасылы__ медиация

Бұл ауқымды шараның негізгі мақсаты – отбасылық медиацияны кеңінен  насихаттау. Отбасында туындайтын дауларды шешу және оның алдын алу, психологиялық және заңды кеңес беру; некеге тұруды жоспарлаған жас жұптарға медиативтік тәсілдерді үйрету. Сондай-ақ, болашақ аналар мен енелерге арналған тренингтер және отбасындағы дауларды медиация және келіссөздер процесі орталығына жүгінуге болатындығын түсіндірді.

Семинар барысында Махамбет аудандық аналар кеңесінің төрайымы Ж.Мұғауова, «Светоч» славян этномәдени бірлестігінің төрайымы Р.Биткова, облыс әкімі  жанындағы  әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі М.Ғабдысәлімқызы, облыстық адвокаттар алқасының мүшесі А.Омаровалар ой-пікірлерін айтып, аналар кеңесінің атқарып отырған жұмысының маңыздылығына тоқталды.

Шараға аналар кеңесінің, жастар қанатының, этномәдени бірлестіктердің мүшелері және облыстық медиация орталығының басшылары да белсене қатысты. Медиация жұмысын жандандыру мақсатында тек облыс орталығында емес, ауылдық елді мекендерде де дамытудың қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.

 Мәлике Мәлік

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button