Жарнама
Жаңалықтар

«Отбасы – бақыт мекені»

Ш.Сариев атындағы көркемсурет және қолданбалы-сәндік өнер музейінде өткен ел Тәуелсіздігінің ширек ғасырлық тойына арналған мәдени шара  осылай аталды. 

Шара барысында кештің қадірменді қонақтары — ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Мәдениет қайраткері  Гүлмаржан Махамбет, ҚР Суретшілер және дизайнерлер одағының мүшесі, ҚР Білім беру ісінің үздігі Әділхайыр Жантасов, республикалық «Жігер», «Шабыт» фестивальдары мен қалалық, облыстық байқау-көрмелердің жүлдегері, суретші Сағын Абзалов кезекпен сөз алып, өздерінің өмір жолдары, шығармашылықтары жайлы жылы әңгімелерімен бөлісті.

– Отбасы бірлігі мен сыйластығы, көбіне, әйел адамға байланысты, — деген Гүлмаржан Сәлімгерейқызы, – қазақ қыздары мен келіндерінің биязы мінезі мен сүйкімді қылығын ештеңемен айырбастауға болмайды, — деді. Ол өзінің екі немересінің мінездері екі түрлі, әрқайсысына ерекше көңіл бөлу керек екенін айта келе, немересі Тотының жуырда Астана қаласында өткен жас суретшілер байқауынан бірінші дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен оралғанын қуана жеткізді. Ал, Әділхайыр Пангерейұлы үш ұл-қызынан алты  немере  көріп отырғандарын айтып, адамның қызығы бір ғана қызметте емес, отбасында, ұрпағында дегенді көпшіліктің есіне тағы бір салып өтті.

Суретші Сағын Абзалов: «Адам өмірде қандай істі де зор сүйіспеншілікпен, үлкен махаббатпен бастауы керек. Сонда бәрі жақсы болады, үлкен жетістіктерге қол жеткізеді,» — дейді. Әкесімен бірге келген кенже ұл Нығмет жас та болса отбасы құндылықтары туралы айтылған әсерлі әңгімеге куә болды.

Шараға қатысқан Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжі студенттері суретші аға-апаларына көңіл түкпіріндегі сан сауалын жолдап, лайықты жауап алды.

Лиза СЕЙТІМОВА.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button