Жарнама
Жаңалықтар

Отбасы банк Астанаға көшіріледі

«Отбасы банк» АҚ бас кеңсесін Алматыдан елорда — Астана қаласына көшіреді. Бұл шешім қаржы ұйымының ұлттық даму институты мәртебесіне ие болуына және тұрғын үй саясатын үйлестіретін мемлекеттік органдармен тығыз жұмыс істеу қажеттілігіне байланысты қабылданды, — деп хабарлайды dauletten.kz.

Банк өкілдерінің айтуынша, барлық қызмет түрі бұрынғыдай жалғаса береді. Көшіру процесі кезең-кезеңімен жүргізіледі, ал шығындар мен ұйымдастыру жұмыстары арнайы құрылған топтың бақылауында болады.

Биыл мамыр айынан бастап Отбасы банк тұрғын үймен қамтамасыз ету саласында бірқатар маңызды функцияны атқарады. Тұрғын үй кезегін жүргізу, «Тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» арқылы жаңа өтінім берушілер тізімін қалыптастыру, коммуналдық тұрғын үй қорынан немесе жекеменшік сектордан жалға берілетін пәтерлерді бөлу туралы шешім қабылдау.

Қ.ШӘКІРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button