Жаңалықтар
«Отау» бағдарламасына өзгеріс енді
Тұрғын үйге жатпайтын жылжымайтын мүлкі мен жалпы жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесінің болуына байланысты «Отау» бағдарламасына жолданған өтініштері кері қайтарылған қазақстандықтар енді қайтадан
өтініш бере алады.
Отбасы банктің баспасөз қызметінің хабарлауынша, осы уақытқа дейін бағдарламаға қатысушының және оның отбасы мүшелерінің меншігінде соңғы 5 жыл ішінде жылжымайтын мүліктің болмауы керек болатын. Енді көлікжай, қоймасы, ауыл шаруашылығын жүргізуге арналған жер учаскесі немесе ортақ жекешелендірілген тұрғын үйдегі үлесі бар көптеген қазақстандықтардың «Отау» бағдарламасына қатысуға қайта өтінім жолдау мүмкіндігі бар.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ