Жарнама
Жаңалықтар

Отанға қызмет — ең жоғары парыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы – еліміздің жаңа дәуірдегі даму бағдарын айқындаған тарихи құжат. Президент ұсынған саяси, экономикалық және әлеуметтік бастамалармен қатар, қоғамдағы тәртіп пен заңға мойынсұну, бірлік пен жауапкершілікке айрықша назар аударылды. Бұл – халқымыздың болашаққа деген сенімін нығайтып, мемлекетіміздің тұтастығын бекемдейтін темірқазық құндылықтар.

de56158a f346 4916 8072 8c0c88e21fa6

Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты жеке құрам Жолдауда көтерілген міндеттерді зор ықыласпен қабылдап, оны жүзеге асыруға толық дайын екенін мәлімдейді. Әскерилер үшін антқа адалдық – қасиетті парыз, тәртіп – өмірлік ұстаным. Сондықтан сарбаздарымыз елдік мүддені бәрінен жоғары қойып, бейбіт өмірді қорғауды абыройлы міндет деп санайды.

Патриотизм – Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жүрегіне ұялаған басты сезім. Әскери ұжымдағы ұйымшылдық, тәртіп пен ерлік – ел қауіпсіздігінің кепілі. «Батыс» өңірлік қолбасшылықта сарбаздардың жауынгерлік даярлығын жетілдірумен қатар, олардың құқықтық санасы мен патриоттық рухын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Әрбір жас жауынгердің бойына қайсарлық, отансүйгіштік пен батылдық дарыту – басты міндеттердің бірі.

Президент атап өткендей, жастар – мемлекетіміздің тірегі. Осы орайда Ұлттық ұлан сапындағы жас сарбаздар Отанға адал қызмет етудің айқын үлгісін көрсетуде. Олардың бойындағы елге деген сүйіспеншілік, әскери машық пен заманауи білімді ұштастыру қабілеті – болашақта Қазақстан Қарулы Күштерінің қуатын арттыратын зор күш болмақ.

39857468 3e63 46b2 a0fd 03fe3477206c

Ұлттық ұлан жауынгерлері үшін патриотизм – жай ұран емес, күнделікті қызметтің өзегі. Олар Тәуелсіздіктің қалқаны, бейбіт өмірдің кепілі екендерін терең сезінеді. Президент Жолдауында айтылған бастамаларды жүзеге асыруға әрбір сарбаз өз үлесін қосып, ел тыныштығын күзету жолындағы қасиетті қызметін адал атқара бермек.

Еліміздің ертеңі – берік бірлікте, айнымас адалдықта. Бұл – Ұлттық ұлан сарбаздарының серті.

Бақыт АЛАЗОВ,

ҚР Ұлттық ұланы “Батыс” өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, полковник

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button