Атырауда мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу мен өткеру, персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері талқыланды

Astanadaghy halyqqa memlekettik qyzmet korsetu Жаңалықтар

Аtr.kz/24 сәуір, 2019 жыл.Жуырда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымованың қатысуымен «Мемлекеттік қызметке іріктеу, түсу және өткеру, сондай-ақ персоналды мотивациялау және дамыту мәселелері» тақырыбында интернет-конференция өткізілген болатын. Маңызды сауалдар мен жауаптардың бірқатарын оқырмандар назарына ұсынып отырмыз.

СҰРАҚ:
– Менің жақын құрбым 2015 жылдың наурызында жергілікті атқарушы органдарға мемлекеттік қызметке орналасты. 2018 жылдың желтоқсан айында бала босануға дейінгі демалысқа шықты. Қазіргі уақытта бала босанғаннан кейінгі демалысқа кетті. Бірақ, 2018 жылғы қызметі бағаланбай қалды. Ендігі жерде құрбымның 2018 жылы атқарған жұмысы бойынша бонус алуына бола ма?

Асыл ҚЫРЫМҚҰЛОВА

ЖАУАП: – Бонустардың мөлшерін есептеу әдістемесіне сәйкес бонус мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленеді. Сіздің сауалыңызда құрбыңыздың бағалауды өткені немесе өтпегені туралы анық көрсетілмеген. Егер бағалауды өтпеген жағдайда, қағида бойынша «Б» корпусы қызметшілері еңбек демалысында, жалақы сақталмайтын демалысында, уақытша еңбекке жарамсыздығы кезеңінде, іссапарда немесе тағылымдамада болғанда, сондай-ақ қайта даярлауға, біліктілігін арттыруға жіберілгенде жұмысына қайта кіріскеннен кейін 5 жұмыс күні ішінде бағалаудан өтеді. Осыған орай, бонус төлеу сұрағын шешу үшін бес жұмыс күнінен кем емес уақытқа жұмысқа шығуға құқылысыз. Сол уақыттың ішінде мемлекеттік орган сіздің тиімділігіңізді бағалауға тиіс. Сонымен қатар, қалыптасқан ж а ғ д а й ғ а б а ғ а б е р у ж ә н е толығырақ жауап алу үшін Сізге тиісті құжаттарды қоса отырып, агенттікке жүгінуіңізге болады.

СҰРАҚ: – М е м л е к е т т і к к ә с і п о р ы н д а басқарушылық функцияларды орындайтын адамдарға кімдер жатады?

Рүстем БАЛҒОЖИН

ЖАУАП: – М е м л е к е т т і к к ә с і п о р ы н д а р д а басқарушылық функцияларды орындайтын адамдар: бірінші басшы және функционалдық міндеттерге қарай оның орынбасары болып табылады. Мысалы, басшының орынбасары
өз бұйрығымен бағынысты адамдарды лауазымға тағайындап, жұмыстан босата алса, ол басқарушылық функцияларды орындайды. Сонымен қатар, ондай өкілдік мемлекеттік кәсіпорынның басқа да жұмысшысына жүктелуі мүмкін. Осыған орай, басқарушылық функциялардың болуын әр жағдайда бөлек анықтау қажет.

СҰРАҚ: –2018 жылдың қызметі бағаланғаннан кейін мемлекеттік қызметші 2019 жылдың наурызында мемлекеттік қызметтен өз еркімен кетеді. Осы жағдайда оған бонус төлене ме екен?

Ақберен ҚАРАЕВ

ЖАУАП: – Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 қаулысына сәйкес мемлекеттік әкімшілік қызметшімен еңбек қатынастары бұзылған немесе мемлекеттік әкімшілік қызметші бағалаудың басталу күніне дейін жұмыстан шығарылған кезде есепті кезең үшін бонус төленбейді. Мемлекеттік лауазымнан босату туралы шешім қабылдайтын лауазымды тұлғаның тиісті актісімен айқындалған күн еңбек қатынастары бұзылған немесе жұмыстан босату күні болып табылады. Сонымен бірге, бонустар төлеу туралы шешімді: 1) «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін – бонустар төлеу жөніндегі шешімді Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі қабылдайтын жауапты хатшыларды қоспағанда, пилоттық органның бірінші басшысы; 2) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін: пилоттық орган басшысы не оны алмастыратын адам (егер осы пилоттық органда жауапты хатшының лауазымы енгізілмеген және белгіленген тәртіппен жауапты хатшының өкілеттігі жүктелген лауазымды тұлға айқындалмаған болса); пилоттық органның жауапты хатшысы; пилоттық орган аппаратының басшысы; мемлекеттік қызметшілерді лауазымдарға тағайындау және лауазымдардан босату құқығы бар лауазымды тұлғалар қабылдайды. Осыған орай, аталған сұрақты шешу үшін Сіз қызмет еткен мемлекеттік органдағы уәкілетті тұлғаға жүгінуіңіз қажет. Сонымен қатар, қалыптасқан жағдайға баға беру және толығырақ жауап алу үшін Сіз тиісті құжаттарды қоса отырып, агенттікке жүгінуіңізге болады.

СҰРАҚ: – Мен Атырау облысында мемлекеттік қызметте жұмыс жасаймын. Бізде шетелдік компаниялар көп екені белгілі, оларда жалақы мемлекеттік қызметке қарағанда бірнеше есе жоғары. Сондықтан білікті жақсы мамандар сонда жұмыс табуды жоспарлайды. Ал, мемлекеттік қызметте жасауға ынталары жоқ, сол себептен факторлы балдық шкала жүйесін енгізу орынды деп есептеймін. Біздің облыста қашан болатынын білгім келеді.

Мақсұт ҒАЛЫМОВ
ЖАУАП:
– Жоғарыда айтылғандай, қазіргі уақытта Атырау облысы бойынша қажетті есептеулер мен еңбекақы төлеудің жаңа схемалары дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты сіз көрсеткен жеке мекенжайға қосымша хабарлаймыз. СҰРАҚ: Атырау облысының аудандық әкімдіктерінде оңтайландыру жұмыстары жүргізілуі себепті көптеген бөлімдер біріктіріліп, нәтижесінде мемлекеттік қызметшілердің жүктемелері көбейіп кетті. Алайда, мемлекеттік қызметшілердің еңбекақысы сол күйінде калды. Бұл өз кезегінде моральдық және материалдық тұрғыдан кері әсерін беруде. Мемлекеттік қызметшілердің ФБШ-ға өтуіне не кедергі болуда? Ол қашан шешіледі?

Ақмарал ІЗМҰХАНОВА

ЖАУАП: – Олар мемлекеттік қызмет үшін өте өзекті болып табылады. Егер нақты Атырау облысы туралы айтатын болсақ, онда Тұңғыш Президент – Елбасының еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшу туралы тапсырмасын орындау аясында мұнда үлкен жұмыс атқарылды. Атап айтқанда, мемлекеттік органдардың штаттық құрылымы мен әкімшілік шығыстары оңтайландырылды, ведомстволық бағынысты ұйымдардың мазмұны қайта қаралды. Қазіргі уақытта жүргізілген жұмыстар негізінде лауазымдарды бөлу және лауазымдық жалақының жаңа схемасы дайындалды. Бұл құжаттар Ұлттық экономика министрлігіне қарауға жіберілді. Жұмыс қорытындысы бойынша ақпаратты сіз көрсеткен жеке мекен-жайға қосымша хабарлаймыз.

СҰРАҚ: – М е м л е к е т т і к қызметшілерді уәждемелеу бойынша ұсынысым бар еді. Әрбір мемлекеттік органның басшысына айына немесе екі-үш айда бір рет жұмыс уақытында ұжыммен таза ауаға шығып, демалыс шараларын ұйымдастырып отыруға тапсырма берілсе ұжымдардағы моральдық-психологиялық климат әлдеқайда жақсаратын еді. Мемлекеттік қызметшілер – үнемі кабинетте отырып жұмыс істейтін адамдар. Оларға айрықша іс-шаралар ауадай қажет. Онсыз да жиі өткізіліп отыратын жиналыстарды таза ауада өткізуден ешқандай зиян келмейді деп ойлаймын. Осы ұсынысымды қабылдайсыз деген үміттемін.

Жазира СЕЙІТМАҒАМБЕТОВА

ЖАУАП: – Ең алдымен, мемлекеттік басқару мәселелеріне белсенді қатысқаныңызға алғысымызды білдіреміз. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, әр мемлекеттік орган дербес түрде, өзінің еңбек тәртіптемесі қағидаларында жұмыс кестесін, соның ішінде жұмыс уақыты мен демалыс уақытының режимін белгілейді («Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңы, 32-бабының 3-тармағы). Мысалы, аталған норма шеңберінде, қазіргі уақытта, мемлекеттік қызметшілердің жеке және кәсіби өмірлерін келістіру үшін мемлекеттік органдарда икемді жұмыс кестесін енгізу жұмыстары жүргізілді. Осылайша, бүгінде әділет, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, индустрия және инфрақұрылымдық даму, сыртқы істер, мәдениет және спорт, қаржы және т.б. министрліктерінде икемді жұмыс кестесі енгізілді. Осындай жұмыс барлық өңірлерде жасалуда. Нәтижесінде, мемлекеттік қызметшілердің үстеме жұмыстарды жою шараларының арқасында, жеке уақытын тиімді ұйымдастырып, өзін дамытуға, отбасымен уақыт өткізуге және денсаулық мәселелерін шешуге мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер арасында жүйелі түрде таза ауада спорт шаралары жүргізіледі. Мысалы, өткен жылы республиканың бүкіл өңірлерінде «Алға басу – движение вперед» атты қайырымдылық жүгірісі және спартакиада өткізілді. Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың ұжымдарында жағымды моральдықпсихологиялық климат орнату және әдептілік қағидаларын ілгерілету мақсатында әдеп жөніндегі уәкіл институты енгізілді. Жұмыс жағдайларына байланысты барлық өзекті мәселелер бойынша әдеп жөніндегі уәкілге жүгінуге болады. Алғысымызды қайта білдіре отырып, Сіздің ұсынысыңыздың алдағы мемлекеттік аппаратты жетілдіру жұмыстарында ескерілетінін қаперлейміз

Дайындаған: Айбөпе САБЫРОВА


Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз