Жарнама
Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ ӨНІМДІ САТЫП АЛ! 

«Сарайшық» коммуналдық базарында ұйымдастырылған ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі осы акция аясында өтуде. 

Қалалықтардың көңілінен шыққан іс-шара барысында отандық өнімдер сатылымға шығарылды. Атырау қаласы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі ұйымдастырған жәрмеңкедегі баға төмендігі мен ұсынылған өнімдердің көп екенін атаған қала тұрғыны Асима Алдиярова жәрмеңкеге жиі келетінін атады. 

«Зейнеткер болғандықтан, азық-түлікке жұмсайтын ақшаны үнемдеуге тырысамын. Шындығы сол, базардағы баға күннен-күнге өсіп барады. Осындай бастамалар кейінгі уақытта азайып кетіп еді, соңғы уақыттарда қайтадан қолға алынғанына қуаныштымын» дейді ол. 

Жәрмеңкеде көкөніс, жеміс-жидектер және сүт өнімдерінің түрлері өте көп. Келушілер табиғи әрі отандық өнімді алу қашан да тиімдірек екенін атады. 

Гүлжан ӘМІРОВА  

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button