Жарнама
ЖаңалықтарЭкономика

Отандық мұнай-газ саласына қандай қауіп төнуі мүмкін?

Atr.kz/8 сәуір, 2020 жыл. «Еліміздің мұнай-газ саласына келесі 10-15 жылда қауіп төнуі мүмкін. Саланың әл-ауқаты Теңіз, Қарашығанақ және Қашағанның арқасында жүзеге асады. Алайда, олардың әлеуеті де шектеулі. 20-30 жылдан кейін бұл мұнай өндірудің табиғи құлдырауына әкелуі ықтимал.

Сондықтан, қазірдің өзінде геологиялық барлау жұмыстарын мақсатты түрде арттыру, терең көкжиектерді игеру маңызды» дейді Қазақстан мұнайшылар-геологтары қоғамының президенті Балтабек Қуандықов.

 Жаңа жобаның жарқын болашағы

Жеңіл алынатын, ар­зан өндірілетін мұнай дәуірі аяқталып келеді. Соңғы кезеңде шикізат құнының күрт төмендеуі оның келешегін қиындата түсуде. Мамандар «Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған кеніштерінде шикізат өндіру 2030 жылға дейін 110-115 млн. тоннаға артқанымен, содан кейінгі кезеңде көлемі азая­ды» деп отыр. Алдағы уақытта әлемде қуат күшін пайдалану екі есеге өсетінін ескерсек, мұнай қорларын қалпына келтіру, жаңа кен орындарын ашу маңызды. Осы себептен мемлекет геология саласына маңыз бере бастады.

Жуырда Үкімет отырысында қаралған 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау мемлекеттік бағдарламасы тұжырымдамасының жоба­сы сол мақсатта қолға алын­ды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру үшін қазынадан 200 млрд. теңгеге жуық қаражат бөлу жоспарлануда. Шамамен 800 млрд. теңге жеке инвестиция тартылады.

– М е м л е к е т т і к бағдарламаны орындау алаңдарды геологиялық жете зерттеуді 94,5-тен 100 пайызға дейін, тереңдік, геологиялық- м и н е р а г е н д і к к а р т а ғ а түсіруді 25,8-ден 37 пайызға дейін арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, қатты пайдалы қазбалардың 50-ге жуық перспективалы алаңын анықтауға, шөгінді алаптардың геологиялық зерделенуін қамтуға жол ашады, — деді министр.

Қор таусылып қалмай ма?

Елімізде 8 мыңнан астам кен орны бар. Соның 317-і – көмірсутек (мұнай, газ, кон­денсат) кеніштері. Деген­мен, «қара алтынның» ірі кен орындары алдағы уақытта түгесілуі мүмкін. Қазірдің өзінде Қызылорда облысын­да мұнай өндірісі жыл сай­ын 1 млн. тоннаға азаюда. Мұндай жағдай Ақтөбе мен Маңғыстау аймақтарында да орын алады. Ал, Атырауда әлемдегі ең ірі Қашаған, Теңіз кеніштері кезең-кезеңімен игеріліп жатыр. Үшінші буын зауытының жобасы еліміздегі өте ауқымды, әрі теңдесі жоқ құрылыстың бірі саналады. Қашағанды игеру бағытында да бұрын-соңды болмаған жұмыстар жасалуда.

Алайда, инвесторлардың мұндай аса ірі жобаларға б і р д е н к ө п қ а р ж ы салмайтындығы анықталуда. Оның қайтарымы 30-40 жыл­дан кейін болатындықтан, алпауыттар жұмысын жоспар­лы түрде біртіндеп жүргізеді. Қазақстан мұнайшы-геологтар қоғамының президенті Балтабек Қуандықовтың пікірінше, шетелдік ин­весторлар геологиялық бар­лау жұмыстарын жүргізуге ынталы емес.

– Инвесторларға тек өз блоктарында жұмыс жасау тиімді. Оларды Қазақстанда өндірісті дамыту болашағы қызықтырмайды. Коммерциялық ұйымдар жаңа кен орындарын ашып, өз шығындарын өтеу үшін геологиялық барлауды өз блоктарында жүргізеді, — деді ол.

«Қазірдің өзінде тиісті ша­раларын алып, геологиялық барлау жұмысын жандан­дыру керек» деп санайды белгілі геолог. Өйткені, 2040 жылға қарай елімізде ірі қор тапшылығы туында­уы ықтимал. Сондықтан, г е о л о г и я л ы қ б а р л а у жұмыстарын мақсатты түрде арттыру, терең көкжиектерді игеру бүгінгі күннің маңызды міндетіне айналып тұр.

Азамат БАЗАРБАЕВ

http://atr.kz/bez-rubriki/atyrauda-avto-eriktiler-160-tan-astam-otbasyғa-azyқ-tүlik-sebetterin-zhetkizdi/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button