Жарнама
Жаңалықтар

ОТАНДЫҚ БИЗНЕСТІҢ АРҚАСҮЙЕРІ

 

Таяуда ғана ҚДБ өкілдері Атырауға келіп, өз тараптарынан бизнеске көрсетілетін  мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіруге арналған семинар-кеңес өткізді. Басқосуды Атырау облысы бойынша кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Гүлзада Қайырғалиева кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Алдымен,  «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ: инвестициялық қызметтер» тақырыбында аталған қаржы институты жобалау дирекциясының жетекшісі Зүлфия Зейнешова  баяндама жасады.

Зүлфия Хамзақызының айтуынша, басқаларымен салыстырғанда ҚДБ ұсынатын қызметтің артықшылықтары да бар екен. Одан әрі баяндамашы несие құралдары мен қызметтері, несие беру валютасы, сыйақы мөлшерлемесі, кепілзаттық қамтамасыз ету, жобаларды қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастыру тәртібі, ұсынылатын құжаттар пакеті, жобаларды іріктеудің негізгі белгілері, байланыс ақпараттары, сондай-ақ банктің еншілес компаниялары  туралы мәліметтерімен бөлісті.

Банк пен кәсіпорынның өзара ынтымақтастығы, табысқа жетудің тарихы жайлы Атырау мұнай өңдеу зауыты қаржы департаментінің директоры Берлани Исабаева егжей-тегжейлі әңгімеледі.

Бүгінгі таңда елімізде әйелдер бизнесін  қолдауға, жекелеген өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің өрістеуіне қолайлы жағдай туғызуға баса көңіл бөлінуде. Осы ретте «БанкЦентрКредит» акционерлік қоғамы мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының рөлі айрықша екенін айтқанымыз ләзім. Сол себепті де, семинар-кеңеске қатысқан аталмыш құрылымдардың өкілдері Айзада Кенішбаева мен Эльмира Нұрғалиева басқосу тақырыбы төңірегіндегі ой-пікір, ұсыныстарымен бөлісті.

Дәулетқали АРУЕВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button