Атырауда жасы үлкен сайлаушыға сыйлық табыс етілді

img 20210110 wa0422 Жаңалықтар

«Ерекше шара Атырау қаласындағы №30  сайлау  учаскесінде өтті» деп хабарлайды Atr.kz

Жасы егде, денсаулығы нашар, учаскеге келе алмайтын қариялардың үйіне арнайы жәшіктер жөнелтілді. Солардың бірі – учаскенің ең қарт  сайлаушысы 88 жастағы Кикілбаева Оңай әже өз шаңырағында  дауыс берді.  

Ал, учаскеге өзі аяқтай келген  82 жастағы қарт сайлаушы Алина Масалимова  сайлау өтіп жатырған мектепте  25 жыл қызмет еткен. Елдің болашағына деген оң көзқарасы мен еңбек еткен ұжымына деген сағынышы бүгін оның сайлау учаскесіне келуіне түрткі болыпты.

img 20210110 wa0419

Өткен жылдың  қазан айында 18 жасқа толып, елдегі саяси додада алғаш  рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болған Сұлтан Бейбарыс көшесі, 42 үйдің тұрғыны Диляра Дурманова да болашағына нық қадам жасады.

Сайлау учаскесінің төрағасы Руслан Бердіғалиев  ең бірінші болып дауыс берген, ең қарт және ең жас сайлаушыға  арнайы сыйлықтар табыстады.

Салтанат Ақтәжиева

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз