Жарнама
Жаңалықтар

Орынборда су деңгейі төмендеді

Бүгін Жайық өзені Атырау қаласы тұсында тағы 6 сантиметрге көбейді. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, Индербор кентінде – 5 см, Махамбетте 4 сантиметрге артқан. Ал Жайықтың жоғарғы бөлігінде су деңгейі төмендеуде.

Орынборда бір тәулікте 23 сантиметрге азайса, БҚО-ның Январцево ауылы маңында су деңгейі 6 сантиметрге түскен. Сондай-ақ Орал қаласында Жайық өзенінің деңгейі бір тәулікте 2 сантиметрге көтерілді. Айта кетейік, Иректі су қоймасынан секундына 198 текше метр су жіберілуде.
Ал Волгоград су қоймасынан жіберіліп жатқан су есебінен Қиғаш өзенінің деңгейі өсуде. Бүгінгі көрсеткіште Шортанбай гидробекетінде – 18 см, Котяевкада – 12 см, Ганюшкино ауылында 4 сантиметрге артты. Еске салайық, Волгоград су қоймасынан секундына 23 650 текше метр су жіберілуде.

Малика ТӘКЕЖАНОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button