Жарнама
Жаңалықтар

Орталық Азияда ең жоғары жалақы төлейтін ел анықталды

Орталық Азия елдері арасында ең жоғары орташа жалақы Қазақстанда тіркелді. Салыстырмалы мәліметтерге сәйкес, 2024 жылдың қыркүйек айында елдегі орташа жалақы 817,2 АҚШ долларын құрады.

Abaiaqparatkz таратқан мәліметке сүйенсек, бұл көрсеткіш аймақтағы басқа елдермен салыстырғанда едәуір жоғары. Мәселен, Өзбекстанда орташа жалақы 437,8 долларды, ал Қырғызстанда 411,2 долларды құрады. Осылайша, Қазақстандағы жалақы деңгейі аталмыш елдермен салыстырғанда екі есеге жуық артық болып отыр.

Сарапшылардың пікірінше, мұндай айырмашылықтың негізгі себептері – Қазақстан экономикасының әртараптандырылуы, мұнай-газ саласының дамуы және еңбек нарығындағы жоғары білікті мамандарға сұраныстың артуы.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: inbusiness.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button