Атырауда ауа райына байланысты ШҰҒЫЛ ескерту жасалды

20181107070218 Жаңалықтар

«Қазгидромет» РМК Атырау облысы бойынша филиалының мәліметіне сәйкес, 2021 жылғы 4 ақпан сағат 20.00-ге дейін Атырау облысының аумағында тұман күтілуде.

Атырау облысының Төтенше жағдайлар департаменті ескертеді:
Тұман кезіндегі шақтық шаралары:

– ауа-райының өзгеруімен және енгізілген шектеулер туралы ақпаратты қадағалап отырыңыз;
– жаяу жүргіншілер белгіленген жерден ғана өтуі қажет;
– жүргізушілерге жолға шығуға тура келген жағдайда, тұман аумағында жылдамдықты бәсеңдетіңіз;
– жолдағы көрініс 2 метрден аспайтын болса, қозғалысты тоқтатуыңыз қажет;

Жолға шықпас бұрын қозғалысты аз жылдамдықпен ақырын бастаңыз. Мектеп жанында, көпірде, көше қиылыстары мен бұрылыстарында қауіпсіздікті қамтамасыз ететін жылдамдықпен жүріңіз. Қозғалыс кезінде көліктер арасындағы қашықтықты әдеттегіден алысырақ ұстау қажет. Сонымен қатар автокөлікпен алыс жолға шықпағаныңыз жөн.

«Атырау облысы ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу бөлімі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз