Жарнама
Жаңалықтар

ОРМАН ӨРТІНЕ ҚАРСЫ ОРТАҚ КҮРЕС

 

Дала-орман өрттері бойынша жаттығу жұмыстарына Атырау облысы әкімінің орынбасары Сәлімжан Нақпаев қатысып, оның өту барысына оң баға берді. Елтай селолық округіне қарасты, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Тайпақ елді мекеніне таяу шекаралық аймақта «орын алған» өрт көлемі 4 га жерді қамтып, ол ұлғая келе 10 гектарға жетті. Оған екі облыстың, сондай-ақ, көрші орналасқан екі ауданның төтенше жағдай қызметі мен жергілікті басшылықтар, сол сияқты жергілікті тұрғындардан құралған ерікті өрт сөндіру жасақтары қатар жетіп, қолда бар техника көмегімен өртті ауыздықтады.
Ақжайық ауданы төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасының бастығы Қадір Бисенбаевтың айтуынша, қызыл жалынға екі тарап болып, біріге кірісудің тиімділігі жоғары. Екі ауданның халқы бұл жолда бір-біріне сілтемей, қай кезден де ортақ жұмыстанып келеді. Өкінішке орай, жаздың аптап ыстығында өрттің күтпеген жерден тұтанбасына кепілдік жоқ. Былтыр көршілес ауданда болған сондай өрттен үш тұрғын қаза тапқан. Соның ішінде, көліктің баруы қиынға соғатын орман өртін сөндіру оңай емес. Сол себепті, бүгінгі таңда қолда бар техникалар жетілдіруді және толықтыруды қажет етіп тұр.
Аталған жаттығу жұмыстарына жергілікті әкімшіліктер, өрт сөндіру қызметтерінен басқа, аудандық ішкі істер бөлімі, аудандық медицина қызметкерлері, «Қазақтелеком», «Атырау-Жарық» мекемелерінің Индер аудандық филиалдары да белсене қатысты.

Құралай ОРАЗ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button