Қазына қаражаты қаншалықты игерілді?

picture 1 1 Жаңалықтар

Жетінші шақырылған Атырау облыстық мәслихатының кезекті IV сессиясы өтті. Сессия жұмысына облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов қатысты. Сессияның күн тәртібіне сәйкес, онда «2020 жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы», «Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясының 2020 жылға арналған облыс бюджетінің атқарылуы туралы есебі», «Атырау облысындағы агроөнеркәсіп кешенінің дамуы және саланы әртараптандыру жұмыстары туралы», т.б. маңызды мәселелер қаралды.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Азамат Сәлімбаевтың мәліметінше, өткен жылы облыс бюджетінің кірістер бөлігінде айтарлықтай нәтижелерге қол жетті. Түсімдер көлемі 436 млрд. теңгені құрап, 102,4%-ға орындалған. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 132 млрд. теңгеге артық. Тұтастай алғанда, түсімдердің басым бөлігі кірістерден құралып, алдыңғы жылдарға қарағанда көлемі 285 млрд. теңгеге немесе 26%-ға жуық көбейген. Ш ы ғ ы с т а р б ө л і г і б о й ы н ш а жоспарланған 429 млрд. теңге қаражат 99,7%-ға игерілген. Игерілмеген қаражаттың басым бөлігі облыстық құрылыс басқармасы мен төтенше жағдайлар департаментіне тиесілі болып отыр. Берешек өтелмей, жағдай түзелмейді.

Келесі кезекте Атырау облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының міндетін атқарушы Аслан Құмаров есепті мерзімдегі дебиторлық және кредиторлық берешектерді талдау, бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуын бағалау қорытындыларын баяндады. Оның айтуынша, жыл басында облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерінің дебиторлық берешегі 363 млн. теңгені құрап, 96 млн. теңгеге қысқарған. Ал, кредиторлық берешектің көлемі 9 млн. теңгеге жеткен. Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болуы бюджеттік б а ғ д а р л а м а л а р ә к і м г е р л е р і н і ң ( н е г і з і н е н о б л ы с т ы қ с а л а л ы қ басқармалар мен департаменттер) қаржылық орындаушылық тәртібі деңгейінің төмендігін көрсетеді. Б ұ д а н с о ң б а ғ д а р л а м а л ы қ құжаттардың іске асырылуын бағалау барысына тоқталған баяндамашы аумақтық даму бағдарламасы аясында есепке алынған 46 индикатордың 41-нің орында лғанын жеткізді. Оның түсіндіруінше, бағдарламалық бағыттар бөлінісінде қалған бес и н д и като р б о й ы н ш а жо с п а рл ы көрсеткіштерге қол жеткізілмеген. 2020 жылға арналған аудиторлық ныс андардың тізбе сіне сәйке с, есепті мерзімде 174 нысанда 12 аудиторлық іс-шара (жалпы сомасы 74 млн. теңге көлеміндегі бюджет қаражатының игерілуіне қатысты) өткізілген. Тексеру қорытындылары көрсеткеніндей, бекітілген заңнамалық нормалардың, сондай-ақ қойылып отырған талаптардың сақталмауынан о р ы н а л ғ а н қ ұ қ ы қ б ұ зу ш ы л ы қ деректерінің қаржылай көлемі 2 млрд теңгеге жуықтаған. Оның ішінде, таза қаржылық бұзушылықтар 574,3 млн. теңгеге (барлық соманың 30%-ына тең) бағаланған. Ал, тиімсіз пайдаланылған бюджет қаражатының сомасы 1022,4 млн. теңгені (53,4%) құраса, 316,7 млн. теңгесі (16,5%) тиімсіз жоспарланған болып шықты. Аслан Құмаровтың баяндауынша, қалпына келтіруге жататын бұзушылықтардың жалпы сомасы 574 млн. теңгеден асса, соның 313 млн. теңгеге жуығы өтелген. Ал, қалпына келтірілмеген немесе өтелмеген қаражат қалдығының (261,6 млн. теңге) орындалу мерзімі жетпеген нысандардың есебінен құралып отырғаны белгілі болды. Жыл ішінде жүргізілген аудиторлық іс-шаралардың нәтижесінде бюджет қаражатының игерілуіне байланысты түрлі бұзушылықтарға жол берген немесе соған кінәлі деп танылған 166 тұлға әкімшілік, 114 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке шақырылған. Анықталған әкімшілік құқық бұзушылық деректеріне байланысты 48 материал бойынша уәкілетті органдарға жолдау арқылы хаттама толтырылған. Алынған шаралардың нәтижесінде 42 лауазымды және 5 заңды тұлға әкімшілік жазаға тартылды. 15 аудит материалы құқық қорғау органдарына жіберілген. Оның 10-ы қылмыстық іс-әрекет ретінде бағаланып, 432 млн. теңге сомасындағы бюджет қаражатының ұрланғаны әшкереленді. Бұл қаржының 102 млн. теңгесі мемлекеттің есебіне өндірілді. О с ы н д а й а қ п а р ат т а рд ы а л ғ а тартқан Аслан Құмаров дағдарысқа қарсы күрес шараларына қаралған қаражаттың игерілу жайын да назардан тыс қалдырмады. Осы мақсатқа бағытталған 37 млрд. теңгеден астам қаржының игерілуіне байланысты жүргізілген аудит қорытындысы біраз кемшіліктердің бетін ашып отыр. Атап айтқанда, 714 млн. теңге көлемінде құқық бұзушылық фактілері анықталып, 108 рәсімдік сипаттағы құқық бұзушылық дерегі орын алған.

Шикі жоба – шалағай жұмыс

Талдау нәтижелері көрсеткеніндей, жергілікті атқарушы органдар ұсынған жобалар қала мен аудандардағы жұмыссыздар санын және өндірістік аумақтардағы жұмыссыздық динамикасын есепке алмастан болжамдалған. Оған қоса, сол іріктелгендерінің ішінен өңірлік үйлестіру кеңесінде мақұлданып, бекітілген төрт жоба тиісті мемлекеттік сараптамадан өткізілместен бағдарламаға енгізіліп жіберілген. Сондай-ақ, алты жоба бойынша жоспарланған құрылысмонтаж жұмыстары мемлекеттік сәулет-құрылыс басқармасынан хабарлама талонын алмастан басталып кеткен. Есепті мерзімде облыста 17 жоба бойынша жоспарланған құрылысмонтаж жұмыстары белгіленген м е р з і м і н д е а я қ т а л м а ғ а н . А л , 29 жоба шеңберінде межелен – ген жұмыстарды жүзеге асыруға қатысқан мердігер кәсіпорындар мен жұмысқа тартылған 1150-ден а с т а м ж ұ м ы с ш ы – қ ы з м е т ке р д і ң шотына 2 0 2 0 ж ы л д ы ң м а м ы р – т а мыз айларына тиесілі міндетті з е й н е т а қ ы а у д а р ы л ы м д а р ы түспеген. Бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері тарапынан мемлекеттікжекеменшік әріптестік жүйесімен ж ү з е ге а с ы р ы л ат ы н жо б а л а р ғ а бақылау мен мониторингтің тиісті деңгейде жүргізілмеуі салдарынан бұл салада да өрескел кемшіліктерге жол берілгені белгілі болды. С а й ы п к е л г е н д е , т е к с е р у комиссиясының төрағасы таратқан ақпараттан өткен жылы қазына қаражатының қалай, қаншалықты игерілгенін аңғару қиын емес.

Агроөнеркәсіп кешенінің өрісі кеңіді

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламаттың баяндауынша, былтыр бұл саланың жылдық бюджеті 5,9 млрд. теңгеге жуықтаған. Осынша қаражаттың 82%-ы неме се 4,8 млрд. теңгеден астамы көрсетілетін м е м л е ке т т і к қ ы зм е т т ү рл е р і н е бюджеттік бағдарламаларға субсидия төлеуге бағытталған. Былтыр өңірдің агроөнеркәсіп к е ш е н і н д е ө н д і р і л г е н а у ы л шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 86,4 млрд. теңгені құрап, алдыңғы жылғыдан 103,6 пайызға к ө б е й г е н . С о н ы ң і ш і н д е , м а л шаруашылығының үлесі – 106,8, мал азығын дайындау және егіншіліктің еншісі – 107,8%-ға тұрақтаған. Өткен жылы облыстағы асыл тұқымды мал өсірумен айналысатын шаруашылықтардың саны алдыңғы жылғыдан екі есеге артқан. Егіннің еншісі еселенді Егін шаруашылығы бойынша егістік жер көлемі де ұлғайтылып отыр. С о ң ғ ы ж ы л д а р ы е г і н ш і л і кт е кеңінен қолданылып келе жатқан тамшылатып және жаңбырлатып суару технологиялары өзінің тиімділігін көрс еткен болатын. Сондықт ан бүгінде жаңа әдіс-тәсілдер кеңінен қолданыла бастады. Жаңбырлатқыш агрегаттың көмегімен суарылатын алқаптың да аумағы айтарлықтай артты.

Алға басқан шаруаны артқа тартқан тұстар бар

Ауыл шаруашылығына байланысты туындаған өзекті мәселенің бірі – жұмыс күшінің жетіспеуі, жергілікті тұрғындардың ауылда еңбек етуге құлықсыздығы болып отыр. Сол себепті, қажетті жұмыс күшін сырттан, көршілес е л д е рд е н т а рту ғ а ту р а ке л уд е . П а н д е м и я м е н б а й л а н ы с т ы б ұ л мәселеде де көптеген қиындықтар туындаған. Шаруашылықтарға, жайылымдар мен шабындықтарға көлтабанды алқаптарға су жеткізу мәселесінде д е т ү й т к і л д і т ұ с т а р д ы ң б а р ы анық. Басты қиындық – табиғи су көздерінің тапшылығы. Көктемде өзендерге өр суының келмеуінен, жылдан жылға арналарының тарылып, деңгейінің төмендеуі салд а р ы н а н сум е н қ а м ту қ и ы н д а й түскен. Тығырықтан шығар жол – қолданыстағы суару-суландыру ж ү й е л е р і н і ң ( ка н а л д а рд ы ң ) мүмкіндіктіктерін тиімді, су ресурстарын үнемді де ұқыпты пайдалану, жерасты су көздерін іздестіріп, кәдеге жарату болып табылады. Б ұ л б а ғ ы т т а қ ол ғ а а л ы н ы п , жүзеге асырылып жатқан жобалар да бар. Тек соларды жетілдіріп, басталған жұмыстарды жеделдетіп, аяғына дейін жеткізу қажет. Алдағы жылдарға жоспарланған жобалар да баршылық. Оның бәріне уақыт пен қаражат, қолайлы жағдай, қолдау керек. Сессияда бұдан басқа да өңір үшін өзекті де толғақты мәселелердің түйіні тарқатылды.

Дәулетқали АРУЕВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз