Жаңалықтар
Оралда әйелді пойыз қағып кетті: Азаматша ауруханаға жеткізілді
Оралда пойыз қағып кеткен әйел адам ауруханаға жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға бүгін шамамен сағат 08.40-та Желаев кенті маңындағы теміржолда болды.
Шамамен 50 жастағы әйелді пойыз қағып кетті. Бас пен мидың ашық жарақатын алған әйел қалалық көпбейінді ауруханаға жеткізілді.
ҚР ІІМ Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің нақтылауынша, әйел адам ауруханада қайтыс болып кеткен. Қазіргі кезде аталған дерек бойынша Орал станциясындағы желілік полиция бөлімінде ҚР ҚК 344- бабы 2-бөлігіне (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
«Nur.kz»