e1516625446895

Орал-Атырау бағытындағы жол апатына айыпты 10 жылға сотталуы мүмкін

Жаңалықтар Құқық


Atr.kz/5-наурыз, 2019 жыл. Орал – Атырау тасжолындағы жол-көлік оқиғасына айыпты 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

20190305095632

Айта кетейік, автобус және жүк көлігінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғасы 26 ақпан күні Атырау облысындағы Көктоғай ауылының маңында болды. 43 жолаушысы бар автобуста Атырауға жарысқа бет алған 15 жас спортшы болған. Олардың он екісі ауыр жарақат алса, ересек үшеуі оқиға орнында жан тапсырды. «Ережеге сәйкес, балаларды жолға алып шыққандар Орал спорт басқармасының келісімін алып, ведомство басшылығына қала сыртына шығып бара жатқанын ескерту керек болған. Бұдан өзге, оқушыларды тасымалдаушы жүргізушінің іссапар куәлігі мен механик және дәрігердің қолы қойылған жолсапар қағазы болуы тиіс.

Сондай-ақ, спортшы балалардың тасымалдануы жөнінде Атырау және Батыс Қазақстан облыстарындағы полиция қызметіне хат жолдануы керек болған. Өкінішке орай, бұлардың ешқайсысы орындалмаған. ҚР ҚК-інің 4б, 345 бабында қарастырылған «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева. Аталған бап бойынша сот айыпты деп таныған жағдайда автобус жүргізушісі 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған