Жарнама
Жаңалықтар

Оқуға түсіремін деп алдаған…

Atr.kz/21 қазан, 2019 жыл. Қызылорданың 38 жастағы тұрғыны Елорданың беделді оқу орындарына орналастырамын деп алдаған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда таныстары барын айтқан әйел тұрғындарға немерелерін оқуға түсіруге уәде беріпті. Тіпті, несиені алдын ала өтеу жөнінде анықтама жасап беремін деген желеумен біреулерден 892 мың теңге алған.

Ақыры, 3,5 миллион теңге жинап алған ол кейін ізін суытқан. Бірақ, көп ұзамай Жылыой аудандық сотының алдында жауап беріп, үш жылға бас бостандығынан айырылды.

Atr-Ақпарат

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button