Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

«Open air-2019» шарасына 10 мыңнан аса атыраулық жиналды

Atr.kz/2 қыркүйек, 2019 жыл. Қазақстан мұнайының 120 жылдығына арналған концерт 1 қыркүйек күні жаңарған орталық алаңда өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сахнадағы дыбыс пен жарықтандыру технологиясы қойылымдардың  жарқын әрі керемет болуына ұйытқы болды. Кеште Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Назима, Ақылбек Жеменей, Бүркіт пен Айша, Музарт тобы, Ержан Максим, Айқын, Тамара Асар сияқты қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті.

Атыраулықтар  өздерінің сүйікті әншілерімен бірге ашық аспан астында ән шырқады.
Концерт соңында мерекелік отшашу болды. Пиротехникалық шоу көрермендерді ерекше таңғалдырды.

IMG 20190902 WA0122
IMG 20190902 WA0123
IMG 20190902 WA0124
IMG 20190902 WA0125
IMG 20190902 WA0126

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button