Жаңалықтар
Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы кітап жарық көрді
Оңтүстік Кореяда Қазақстан туралы кітап жарық көрді. Авторлары — Алматыдағы Корея Республикасының бұрынғы бас консулы Сон Чи Гын мен Орталық Азияны зерттеуші, дипломат Чо Ын Джон, — деп хабарлайды Zakon.kz.
24kz ақпараты бойынша, «Бауырлас ел – Қазақстан» атты шығарма жеті тараудан тұрады. Онда кітап еліміздің туристік көрікті жерлерін сипаттайды. Авторлардың айтуынша, олар онымен 10 жыл жұмыс істеген.
Мен Корея мен Қазақстанды бауырлас ел деп санаймын. Осы себепті тарихи байланыстарымызды негізге ала отырып, болашағымызды бірге құруға күш салуымыз керек деп ойлаймын. Кітапты жазуыма осы түрткі болды. Басты мақсатым – Қазақстанның жеті кереметін көрсеткім келді.