Жарнама
БілімЖаңалықтарСарапTime

ОНЛАЙН ОҚУДЫҢ инновациясы мен игілігі неде?

Atr.kz/12 сәуір, 2020 жыл. Орта білім беру ұйымдары 2020 жылғы 6 сәуірден бастап қашықтан оқыту форматына көшті. Оқушыларға онлайн білім беру жер-жаһанға тарап отырған қауіпті індетті тарат­пау үшін енгізіліп отыр. Түйткілді мәселелері онсыз да көп білім са­ласы осынау сын сағаттағы сынаққа төтеп бере алады ма? Алда тұрған осынау маңызды қадамға бөгеттер мен тосқауылдар да көп екені дау­сыз. Білім саласы бұл мәселені қалай шешпек?

 БҰҰ-ның жанындағы білім, ғылым және мәдениет жұмыстарымен айналысатын Ю Н Е С К О — н ы ң б а с директоры Одрэ Азуле әлем жұртшылығына білім беруді тоқтатпау туралы үндеуін жариялады. Міне, қашықтан оқыту форматына әлемнің 167 елі көшті. ЮНЕСКО-ның есебі бойынша 1,5 млрд. бала қашықтан оқитын көрінеді. Өйткені, қатерлі індет әлем халықтары арасына орасан зор жылдамдықпен тарауда. Осындай қатерлі кезеңде халықты, әсіресе , жас ұрпақты сақтау – баршаның қасиетті парызы.

«Біз бұған дейін ешқашан білім беру үдерісінің дәл осындай кең көлемде бұзылуымен бетпе-бет келмедік. Серіктестік қарым- қатынас – алға жылжудың жалғыз жолы. Коалиция оқушылар мен мұғалімдерді ғана емес, сонымен қатар, қалпына келтіру процесі кезінде де қолдау көрсететін инклюзивтілік пен теңдікке бағытталған шешімдерді іздестіру үшін үйлестірілген және инновациялық іс- қимылдарға шақыруды көздейді» деді аталған халықаралық ұйымның бас директоры Одре Азуле.

Жиырма бірінші ғасырдың қатерлі індеті білім саласына едәуір қиындық әкелгенін жұртшылық көріп те, біліп те отыр. Жоғарыдағы ықпалды ұйымның мәліметі б о й ы н ш а б ү к і л ж е р шарындағы оқушылардың 87 пайызы мектепке қатынай алмай қалған. Осыдан-ақ қалыптасқан жағдайдың күрделілігін сезінуге болады.

БАҚ-тардың БАСТАМАСЫ

Қ а з а қ с т а н д ы қ Б А Қ тарапынан бірлік пен татулықтың үлгісі осындай қ и ы н — қ ы с т а у к е з і н д е танылып отыр. Мәселен, мұғалімдердің «Балапан» телеарнасынан қазақ тілінде, «Еларна» телеарнасынан орыс тілінде сабақ беріледі. Қазақ радиосы да қашықтан оқытуға атсалысатындарын жариялады. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Орталық к о м м у н и к а ц и я л а р қызметінде өткен онлайн- брифингте:

 – Соңғы тоқсанның білім бағдарламасын қамту үшін үш мыңнан аса теле-сабақ түсіруге тиіспіз. Қазір сол теле-сабақтардың 300-ден астамы дайын. Келесі үлкен бағыт – радио. Қазақтың қара шаңырағы саналатын Қазақ радиосының үні байланысы жоқ шалғай елді мекендерге жетіп жатқанын білеміз. Сондықтан, Қазақ радиосымен жүргізілген келіссөздердің нәтижесінде кесте бойынша радио-сабақ бастамақпыз,- деді.

КОМПЬЮТЕРЛЕР ТАРАТЫЛУДА

Қ а ш ы қ т а н о қ ы т у ғ а көшудегі ең маңызды мәселе – техника тапшылығы. Министрлік бұл проблеманы мектептегі компьютерлерді мұқтаж оқушылар мен мұғалімдерге таратып беру арқылы шешетінін хабарлаған.

– Ко м п ьют е р л е р д і о қ у ш ы л а р ғ а т а р а т у д а елорда мен Алматы қаласы белсенділік танытып отыр. Мәселен, Алматыда аз уақыттың ішінде он мыңнан аса компьютер таратылды. Мектептегі техникаларды уақытша пайдалану бойынша арнайы актімен балаларының білім алуы үшін ата-аналарға тапсырып отырмыз,- деді министр.

Техника жетіспеушілігі бұл арқылы шешілмейді. Сондықтан, министрлік ар­найы техникаларды, яғни, компьютер, планшет, ноут­бук сатып алуды да қолға алды.

– Сатып алынатын техника тек қана компьютер емес, бұл қашықтан білім алуға көмектесетін кез келген құрылғы болуы мүмкін. Себебі, елімізде компьютер толығымен жетеді деп айта алмаймыз. Сондықтан, жетпеген жағдайда басқа да құрылғыларды аламыз. Қазіргі таңда 80 мыңға жуық техника сатып алуды жоспарлап отырмыз. Әрине, тек оқушыларда емес, мұғалімдерімізде де техника тапшылығы бар. Сол себепті педагогтарды тиісті құрал- жабдықтармен қамтамасыз ету мәселелері шешіліп жатыр, — деді А.Аймағамбетов.

 СИТУАЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҚТАР

Онлайн оқыту үрдісі орта білім беру ұйымдарының тәжірибесінде бұрын болма­ды. Сондықтан, көкейде көп сауал туындайтыны және рас. Осыған орай министрлікте сит у ациялық ор т а лық құрылды. Бұл туралы ми­нистр Асхат Аймағамбетов:

– А т а л ғ а н о р т а л ы қ мектептердегі ғана емес, бұған дейін қашықтан б і л і м б е р у г е к ө ш к е н колледждер мен жоғары оқу орындарындағы жағдайды күн сайын жіті бақылап отырады. Өйткені, біз үшін қашықтан оқытудың қалай жүргізілгені ғана емес, білім берудің сапасы да маңызды,- деді.

Еліміздің Бас мұғалімінің айтуынша, call – орталық б е с м и л л и о н ғ а ж у ы қ б і л і м а л у ш ы л а р д ы ң , я ғ н и , с т у д е н т тер мен оқушылардың сұрақтарына жауап беруді міндетіне алады екен. Сондай-ақ, әр облыстық білім басқармасы мен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанынан ашылған әдістемелік көмек көрсететін cаll – орталықтары жұмысын бастамақ. Министрлікте де 1450 қысқа нөмірі бойынша call-орталық бар.

БІРЛІК ТҮБІ – ТІРЛІК

Қазақстанда жауапкершілік п е н о т а н ш ы л д ы қ , адамгершілік көптеген байланыс операторларының, министрліктер мен жеке адамдардың іс-әрекетінен көрініс табуда. Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари, Цифрлық даму вице-министрі Дарын Тұяқов, «Қазақтелеком» АҚ, «Транстелеком» АҚ, «Кар — Тел» ЖШС, «Kcell» АҚ, «Мобайл Телеком-Сервис» ЖШС, «Astel» АҚ сияқты байланыс операторларының басшылары Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Соның нәтижесінде еліміздегі төтенше жағдайға байланысты қазақстандық оқушыларға 25 білім беру интернет-ресурсына тегін кіруге мүмкіндік бар.

Аталған интернет-ресурстардың қатарында мұғалімдер мен оқушыларға, ата-аналарға аса қажетті Kundelik.kz, BilimLand, I-mektep.kz пен студенттер, болашақ сту­денттерге, оқытушыларға к е р е к т і t e s t c e n t e r . k z , C o l l e g e S m a r t N a t i o n , электронды ректорат nkzu. kz, univer.kstu.kz, Paragraph B i l i m б а р . Б і л і м беру платформалары бар жеке кәсіпкерлер де тегін қызмет ұсынуда. IT саласының маманы Нұрлан Жанай педагогтарға карантин кезінде қашықтан білім берудің қыр- сырын үйрететін «Онлайн педагог» марафонын бастады. Bilge Center құрылтайшысы Әкім Тұрсын бастауыш сыныптарға арналған тегін сабақтар тізбегін және барлық сыныптарға Bilgen.biz атты сұрақ-жауап порталын ашты. Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов аталған орталықтың коммерциялық ұйым екеніне қарамастан төтенше жағдай кезінде талапкерлердің ҰБТ сынағын тегін тапсыра алатынын қаперге берді.

ӘЛЕМДІК ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ

Алға жылжудың жалғыз жолы серіктестік қарым- қатынас екенін Одре Азуле дұрыс айтты. Сондықтан, тығырықтан шешудің төте жолы бірлік екенін түсінген халықаралық ұйымдар, саласы бір компаниялар, басқа да ұйымдар бірігуді әлдеқашан бастап та кетті. Microsoft, GSMA, Google, Facebook, Zoom, KPMG, Coursera секілді ірі жеке секторлар ЮНЕСКО құрған коалицияға қосылып, Khan Akademy, Dubai Cares, Fundacion Profuturo сынды коммерциялық емес ұйымдар мүше болған және алпауыт В В С а р н а с ы ә л е м д е г і оқушылар мен студенттердің қауіпті індет туралы танымын кеңейтуге жұмыстануда.

Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА

***

 Мұғалім есеп бермейді

Мемлекет басшысы Төтенше жағдай жариялады. Коронавирусты өршітпеу мақсатында шаралар алынуда. Бұл жағдай білім беру саласына да оңай тимеді. Қордаланған мәселелері өз алдына жетерлік білім саласы енді оқушыларды қашықтан оқытудың түйткілдерін шешуде. Соның бірі – қашықтан білім беруді жүзеге асырып отырған мұғалімнен мектеп әкімшілігінің, қалалық, аудандық білім бөлімдерінің есеп сұрауы. Дәлірек айтқанда, мұғалім өткізген сабағын бейне-роликке түсіріп, мектеп әкімшілігіне, құзыретті орындарға жолдауы тиіс. Өздері қашықтан оқытудың қиындығымен енді ғана бетпе-бет келіп, интернетті, әлеуметтік желілерді енді ғана игеру үстіндегі мұғалімдер әр сабақ сайын есебін жолдап отыра ма, балаға сабақ үйрете ме? Шәкірттің дәл алдында тұрып түсіндіру бір басқа да, қашықтан, онлайн арқылы түсіндірудің өзіндік машақаты бар екені баршаға аян.

Міне, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың онлайн-брифингінде мұғалімдерден есеп сұрамау қажеттігін айтқаны осы қиындыққа нүкте қойғандай болды. Оқушыларға ватсап, басқа да әлеуметтік желілер арқылы тапсырмалар беріп, өз пәнімізден оқушы білімін шыңдай түсудеміз. Дәл осы кезеңдегі қиындықты татулықпен, бірлікпен ғана жеңе аламыз. Сабырлықпен әрекет етіп, карантин талаптарын орындауға тиіспіз. Әр адам дәрігерлердің ақылын тыңдап, тазалық нормаларын сақтауы тиіс. Біз біргеміз!

Мәдина ТАЛҒАТҚЫЗЫ,

жас ұстаз

Бейне-сабақтарды түсірудемін…

Әлемді жайлаған коронавирус білім саласындағы дағдылы үрдісті бұзды. Балаларды, өміріміздің жалғасын сақтап қалу үшін қашықтан оқытуды бастадық. Өзім сабақ беретін математика пәні – өте күрделі де қиын пән. Алгебра мен геометрия пәндерінен бір түсінбей қалса, кейін меңгеру қиынға түседі. Сондықтан, мен үйден әр тақырып бойынша бейне-сабақтар түсіріп, шәкірттеріме ватсапп арқылы жіберіп отырмын. Олар өздері түсінбеген сұрақтарын маған кері байланыс арқылы жібереді. Оны да жіті қадағалап, түсіндіруге тырысудамын. Әлеуметтік желі арқылы тапсырмалар беріп, олардың орындалуын да қадағалауға тиіспіз. Осындай кезеңде оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас айқын көрінетіні кәміл. Мемлекет басшысының мәлімдемесіне үн қоса отырып, қауіпті індетті таратпауға, гигиена талаптарын орындауға атсалысу – баршаның қасиетті борышы. Біздің адамдығымыз бен отансүйгіштігіміз осындайда көрінетіні даусыз.

Әлия САПАРОВА,

№34 көп салалы мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі

http://atr.kz/bez-rubriki/atyraudaғy-nazarbaev-ziyatkerlik-mektebiniң-oқushysy-koreyada-bilim-almaқ/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button