Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Олимпиада жүлдегері Отанына оралды

Аргентина астанасы Буэнос-Айрестегі жасөспірімдер олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткізген жерлесіміз, каратеші Әбілмансұр Батырғалиды атыраулықтар зор қошеметпен қарсы алды.

44756004_2294808937406151_6482230321210195968_o

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов, облыстық карате-до федерациясының президенті Марат Мурзиев атыраулық жанкүйерлермен бірге халықаралық әуежайға келіп, олимпиада жүлдегерін ыстық ықыласпен күтіп алды.

– Мен Еркінқала ауылдық округінің тұрғынымын, 17 жастамын. Атырау мемлекеттік университетінде спорт факультетінде бірінші курста оқимын. Жеке клубтарда жаттығамын. Бұл олимпиадаға жүздеген мемлекеттен 6 мың спортшы қатысты. Оның 57-сі – қазақстандық. Ал, каратеге келсек, оған тек сегіз спортшы ғана қатысуға жолдама алды. Жалпы, олимпиадалық спорт түрі болып былтыр ғана енген каратенің еліміз бойынша алғашқы жүлдегерімін десем де болады, — дейді Әбілмансұр.

Спортшының жаттықтырушысы Болат Ізбасқанның айтуынша, 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен ол алғашқы айналымда аргентиналық Хуан Мартинесті айқын басымдықпен жеңген. Екінші кездесуінде жапондық Котаро Накамураға еш мүмкіндік қалдырмаған. Үшінші жекпе-жекте марокколық спортшыны жарыс жолынан тайдырып, жартылай финалға жолдама алған. Ақыры, ақтық сында үшінші тұғырдан көрініп, ел абыройын асқақтатты. Бүгінде ол әлемдік рейтингте екінші орында көш бастап тұр (Бұл спортшының маңызды жарыстарда жинаған ұпай санымен анықталады. Авт.) Айта кетейік, олимпиадада Атыраудан тағы бір спортшы, волейболшы Ерболат Қайрошев та бақ сынаған болатын. Бірақ, бұл жолы оның бағы жанбады.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button