Жаңалықтар
ОҚУЛЫҚТАР УАҚЫТЫНДА ЖЕТКІЗІЛСІН
«Жекелеген өңірлерде қаржыландырудың кешіктірілуіне орай, мектептерді оқулықпен толық қамтамасыз ету мәселесінде біршама тәуекелдер әлі де сақталуда», — деді Саят Нүсіпов.
Еске сала кетсек, министрліктің мәліметтеріне қарағанда, бүгінгі күні Астана және Алматы қалаларындағы мектептерге оқу құралдарының 98 пайызы жеткiзiлген болса, кейбір өңірлерде жағдай төмен. Мәселен, Қостанай облысында оқулық жеткізу — 12,5 пайыз, Ақтөбе облысы — 18 пайыз, Шығыс Қазақстан облысы -12, Маңғыстау облысы -38 пайыз, Қызылорда облысы -18 пайызды құрап отыр.
Өз тілшіміз.