Жарнама
Жаңалықтар

Ойын-сауық кешенінде не болып жатыр?

Атырау қаласындағы «Атырау» сауда-ойын-сауық кешенінде өрт-тактикалық жаттығу өтті. Шараның басты мақсаты – өрт сөндіру бөлімдерінің балалар ойын алаңында орын алған өртті сөндіру кезіндегі жауынгерлік дайындығын пысықтау, келушілерді қауіпсіз көшіруді ұйымдастыру, сауда орындары мен ойын-сауық кешендерінің тактикалық жағдайы және конструкциялық ерекшеліктерімен танысу.

c06f422c e743 487a ac4c 3d3b09daa6a6

Шартты түрде балалар ойын-сауық орталығында кенеттен қою қара түтін шығып, көршілес бөлмелерге таралу қаупі туындады. Қалалық өрт сөндіру бөлімдері дереу оқиға орнына жетіп, келушілер мен кәсіпкерлерді эвакуациялау жұмыстарын жүргізді. Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің нәтижесінде тілсіз жау қысқа уақытта ауыздықталып, адамдар түгелдей қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт-тактикалық жаттығуға жалпы саны 8 бірлік техника мен жеке құрамнан 40 адам қатыстырылды.

7a00a106 0ad8 4250 8c68 3b08575aa8bb

Жаттығу соңында талдау жасалып, барлық қатысушылар нысанның тактикалық жағдайы мен ерекшеліктеріне қанықты. Сонымен қатар, қалалық төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері келушілер мен кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіріп, оқиға орын алған кездегі дұрыс іс-қимыл тәсілдері мен алғашқы өрт сөндіру құралдарын пайдалану жолдарын көрсетті.

790a73fd 7b2c 434f 9caf c27a9e08b3b5 1
9168fea9 6d58 4228 9d69 2eeb39ac3629
18b98bd5 a705 4aed a73b 68981d55889f

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button