Мобильдік топтардың міндеті жазалау емес, індеттің алдын алу

img 20200608 164734 2048x1536 1 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/27 қазан, 2020 жыл. Облыс тұрғындары арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында шектеу шаралары күшейтілді.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, көрмелер, форум, конференция және отбасылық (банкет, той, мерейтой, садақа), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге шаралардың, думанды, ауқымды спорттық жарыстардың өткізілуіне тыйым салынды. Ойын- сауық орталықтарының, мұның ішінде караоке, би­льярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг, жабық ғимараттардағы балалардың ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар, фудкорт, банкет зал­дары, букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтатылды.

Облыстың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Асылбек Шаровпен сұхбатымызда өңіріміздегі қазіргі жағдай, қауіпті індеттің екінші толқынына дайындық шаралары, өзге де мәселелер қамтылды.

 – Облыста адамдарды жи­нап, той жасайтындар азаяр емес. Оған шектеу қоюдың жо л ы қ а н д а й ? Та л а п т ы орындамағандарға қандай шара қолданылуда?

– Халық көп жиналатын ша­ралар қатерлі індеттің таралуына жол ашады. Солай болғанымен өңірде карантин шараларын елемейтіндердің қатары азай­май тұр. Облыста қалалық және аудандық әкімдіктердің жанынан 114 мобильдік топ құрылды. Ол шектеулер мен ка­рантин шараларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады.

Арнайы топ тұрғындар ара­сында профилактикалық және санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізуде. Келеңсіздіктерге жол бермеу мақсатында күн сайын рейдке шығады. Олар бүгінге дейін жасырын той өткізген 57 деректі анықтады. Карантиндік шараларды бұзған жеке және заңды тұлғаларға қатысты тиісті заңдылық бойын­ша айыппұлдар салады. Қазіргі эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаулы талаптарын қатаң сақтау қажеттілігі туындап отыр. «Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде» деген сөз осындайда айтылса керек.

– Қ аул ы ғ а е н г і з і л г е н бірқатар өзгерістерге байланы­сты тыйым салынған бірнеше нысанның қызметіне рұқсат берілді. Бұл қазіргі ахуалды ушықтырып жібермей ме?

– Жаңа қаулыға енгізілген өзгеріске сәйкес, күшейтілген санитарлық талаптарды сақтай о т ы р ы п , қ а ж е т т і с а л а л а р мен нысандардың қызметіне рұқсат берілді. Мәселен, сауда ойын-сауық орталықтары, сау­да үйлері (бутиктердің), сауда желілері сенбі күні сағат 17.00- ге дейін (ондағы азық-түлік супермаркеттерін, дәріханаларды және қоғамдық тамақтану ны­сандарын қоспағанда), жұмыс күндері сағат 22.00-ге дейін күшейтілген санитариялық- дезинфекциялық режимді сақтай отырып қызмет ете алады. Бұл жағдайда бір адамға 4 шар­шы метр есебінен әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, жалпы сыйымдылығының 30 пайыздан аспауы қатаң ескерілуі қажет.

Сондай-ақ, жабық азық- түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне жұмыс күндері сағат 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 17.00-ге дейін әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық- д е з и н ф е к ц и я л ы қ р е ж и м д і сақтай отырып, рұқсат берілді.

  •  26 қазаннан бастап кинотеатрлар да жұмыс жасай бастады.

Дегенмен, тұрғындардың с аул ы ғ ы н а ә л і қ ау і п б а р . Негізгі санитарлық ережелер сақталмаса, эпидемиологиялық ахуал қайтадан нашарлап кетуі мүмкін. Сондықтан, қаулыда көрсетілген сақтық шарала­рын бұлжытпай орындау – әр адамның міндеті.

– Ж ұ м ы с о р ы н д а ­р ы н д а к ү ш е й т і л г е н санитарлық-дезинфекциялық р е ж и м д і с а қ т ау т ә р т і б і қаншалықты орындалуда? Мұны кім қадағалайды?

– Мемлекеттік мекемелердегі, кәсіпорындардағы, қызметіне рұқсат етілген кәсіпкерлік, өзге де нысандардағы санитарлық т а л а п т а р д ы , к ү ш е й т і л г е н санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтау тәртібін әр ме­кеме өзі қадағалауы қажет. Ал, ойын-сауық орталықтарындағы, сауда үйлеріндегі, сұлулық с а л о н д а рд а ғ ы , ш а ш т а р а з ­д а р , ко с м е т и к а л ы қ ж ә н е косметологиялық қызметтер көрсететін орталықтар мен салондардағы, жаттығу залда­ры, фитнес, спорттық-сауықтыру о рт а л ы қ т а р ы н д а ғ ы , с п о рт секцияларындағы, қоғамдық монша, сауналардағы, қоғамдық тамақтандыру нысандарындағы к ү ш е й т і л ге н с а н и т а рл ы қ – дезинфекциялық режимді сақтау тәртібін мобильдік топ тексереді.

 – Мобильді топ қызметіне қатысты нақты мысалдар келтіресіз бе?

– Биылғы 5 шілде мен 16 қазан аралығында мобильді топ 1 632 рейдтік тексеру жүргізді. Оның нәтиже сінде, шағын және орта бизнес нысандарына және жеке тұлғаларға қатысты 474 әкімшілік іс қозғалып, айыппұлдар салынды. Оның жалпы сомасы – 68,4 млн. теңге. 146 заңды тұлғаға әкімшілік шара қолданылды. Мұның ба­сым бөлігі азық-түлік дүкені мен қоғамдық тамақтану орындары­на қатысты. Заңды тұлғаларға салынған айыппұлдардың сома­сы 57 млн. теңгеден асады.

Мобильді топтардың міндеті жазалау емес, қауіпті індеттің алдын алу екенін тұрғындардың есіне саламын.

– Қ а з а қ с т а н д а 1 қыркүйектен бері 184 баланың коронавируспен ауырғаны белгілі болып отыр. Осыған байланысты мектептер мен балабақшалардың қызметінде өзгеріс бола ма? Кезекші сыныптардың жұмысына қатысты не айтар едіңіз?

– Бала – біздің болашағымыз. Ал, олардың денсаулығын қорғау ұлттың саулығын сақтау де­ге н с ө з . С о н д ы қ т а н , ж а с өскіннің денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарау қажет.

Қаулыға сәйкес, санитарлық н о рма л а р м е н е р е же л е рд і сақтай отырып, ата-аналардың өтініштері бойынша мектептердің 1-4 сынып оқушылары үшін кезекші сыныптар жұмыс жасау­да. Мұнда бала саны 15-тен аспа­уы қажет.

Сонымен қатар, осын­дай тәртіппен мектепке дейінгі мекемелерде кезекші топтарға рұқсат берілді. Алайда, мектептегі кезекші сыныптардың және балабақшалардағы топтардың қызметі қатаң қадағаланып отыр. Қойылған шектеулер мен каран­тин шараларының сақталуын бақылау үшін әкімдіктің жаны­нан құрылған мобильдік топ ұдайы тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Сұхбаттасқан: Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

  •  Облыста карантин режимінен кейін кәсіпкерлік нысандардың жұмысын қайта қалпына келтіруге рұқсат беру үшін комиссия құрылды. Осы комиссияға «InfoKazakhstan» порталы арқылы 9 782 өтініш түсті. Оның ішінде 8 899 өтініш хабарлама сипатында бол­ды. 130 кәсіпкерліктің жұмысына рұқсат берілді. Қазір 9 029 нысан қайтадан қызметін бастады.

Суретті түсірген: Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз