Ойын баласын мектепке қалай дайындау керек?
Бірнеше күннен кейін бүлдіршіндер оқушы атанып, алғаш рет мектеп табалдырығын аттайды. Ал, ата-аналар оған психологиялық тұрғыдан дайын ба? Ойын баласын мектепке қалай дайындау керек? Бұл сұрақтар бойынша облыстық білім беру басқармасына хабарластық.
Белгілі болғанындай, осы сауалдарға байланысты аталған басқарманың балаларға қосымша білім беру, оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік орталығының психологиялық зерттеу және сараптама бөлімінің мамандары “Баланың мектепке психологиялық дайындығы. Бірінші сынып оқушыларының мектепке бейімделуі” атты семинар ұйымдастырады. Мұнда білікті психолог маман Жайна Шаманова өз тәжірибесімен жан-жақты бөліседі.
–Семинар 15 тамыз, сағат 15:00-де басталады. Жиынға қатысамын деушілер алдын ала тіркелуі қажет. Бұл үшін 87014934886 байланыс нөміріне хабарласа алады, — дейді басқарманың баспасөз хатшысы Эльмира Тұңғатарова.
Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ
Сурет massaget.kz