Мәжіліс депутаты Ойылды құтқарудың жолдарын айтты
Депутат Дүйсенбай Тұрғанов Атырау және Ақтөбе облыстарына ортақ жасанды су қоймасын салуды ұсынды.
Биыл наурыз айының соңында Парламент Мәжілісінің депутаты Дүйсенбай Тұрғанов Атырау облысының сайлаушыларымен онлайн кездесу өткізді. Facebook әлеуметтік желісі арқылы ұйымдастырылған тікелей эфир барысында халық қалаулысына көпшіліктің көкейінде жүрген, өңірдің өзекті мәселелерін көтерген біраз сұрақтар қойылды. Әсіресе, Ойыл өзенінің бүгінгі ауыр жағдайы мен алаңдатарлық ахуалын қозғаған Миялы ауылының тұрғыны Есенбай Нұровтың қойған сұрағы Мәжіліс депутатын да бейжай қалдырмады.
Осыны нысанаға алған Дүйсенбай Нұрбайұлы Атырау мен Ақтөбе облыстарының әкімдеріне, Бас прокуратураға хат жазып, тұрғындардың тілегін орындау мақсатында, олардың айтқандарын келтіре отырып, депутаттық сауалын жолдаған болатын. Онда әсіресе, Ойыл өзенінің бойына орнатылған бөгеттердің жағдайын тексеру барысында кейбір заңсыздықтар мен заңсыз әрекеттердің жасалуына жол беріліп, соның салдарынан онсыз да қиындық көріп отырған тұрғындардың орынды реніші туындағаны алға тартылған-ды. Жақында депутат Д.Тұрғановтың атына Бас прокуратураның қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі бастығының міндетін атқарушы Р.Смағұловтан жауап келді.
«Ойыл өзені өзінің бастауын Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбек ауылының маңындағы бұлақтан алып, Атырау облысындағы Ақтөбе көліне қарай тартылатыны анықталды. Өзеннің жалпы ұзындығы 800 шақырымды (оның 522 шақырымы – Ақтөбе, 278 шақырымы – Атырау облысының аумағымен өтеді) құрайды» делінген хатта. Бас прокуратура өкілінің түсіндіруінше, бұл су айдыны ағынсыз өзендердің санатына кіреді. Ондағы су мөлшерінің азайып-көбеюі көктемде еріген қар суына, күзгі топырақтың ылғалдылығына, жауын-шашынның жиілігіне тікелей тәуелді. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметтері бойынша соңғы үш жылда (2019-2021) жауыншашынның аздығынан мұнда су тапшылығы проблемасы туындады. Ақтөбе облысындағы кейбір өзендердің суы да сарқыла бастаған. Сөйтіп, тиісті нормадан көп төмендеп кеткен. Сайып келгенде, бұған табиғи факторлардың елеулі әсері бар екені ашық айтылып отыр.
Ақтөбе облысының аумағында (Мұғалжар, Қ о б д а , Т е м і р , О й ы л а у д а н д а р ы н а қарасты) 57 құрылыс және су нысаны орналасқаны анықталды.
Жергілікті тұрғындар өтініші негізінде жолданған депутаттық сауалда көтерілген мәселелерді шешу үшін Бас прокуратура тарапынан салалық министрлікке табиғи су айдындарындағы гидротехникалық қондырғы-құрылғылардың, имараттардың техникалық жағдайын тексеру жөнінде тапсырма берілді. Осылайша, биылғы 13-18 мамыр аралығында республикалық су ресурстары комитетінің басшылары Ақтөбе облысы әкімдігінің, Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы инспекциясының қызметкерлерімен, сондайақ көршілес екі облыстың (Ақтөбе мен Атырау) тұрғындары өкілдерінен құрылған ынталы топ мүшелерімен бірлесіп, жоғарыда аталған нысандарға визуальды тексеру жүргізді. Сонда бір ғана Ақтөбе облысының аумағында (Мұғалжар, Қобда, Темір, Ойыл аудандарына қарасты) 57 құрылыс және су нысаны орналасқаны анықталды. Соның ішінде, салынғанына қырық жылдан асқан 46 бөгеттің 36-сының иесіз тұрғанына көз жетті. Нақтырақ айтқанда, бұлардың басым бөлігі су жинақтауға жарамсыз екен. Осы бөгеттердің 8-і республикалық, екеуі коммуналдық меншікте. Одан бөлек, жөнге келтіру мен тазартуды талап ететін 5 көпір, 2 шлюз бен 4 бұлақ есепке алынды. Сөйтіп, инспекция тарапынан иесіз тұрған 5 бөгет пен 3 көпірді жою, 21 бөгетті транзиттік режимге көшіру, қалған 28 нысан мен имаратқа жөндеу, арнасын батпақ пен балдырдан тазарту жөнінде ұсыныс берілді. Су кодексінің талаптарына сәйкес, облыстардың жергілікті атқарушы органдары коммуналдық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын басқарады, оларды қорғау шараларын жүзеге асырады. Сондай-ақ, мемлекеттік меншіктегі су шаруашылығы құрылыстарын есепке алуды жүргізеді. Иесіз құрылыстар анықталған жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгіленген рәсімдерді орындайды. Өзеннің жай-күйіне әсер ететін нысандарды жою шаралары осыған мүдделі мемлекеттк органдар мен құзырлы құрылымдардың рұқсатымен ғана атқарылады. Тоқтала кетер жайт, өзеннің қалыпты жағдайда ағуына кері әсерін тигізіп отырған гидротехникалық құрылыстарды жою жұмыстарын жобалық-сметалық құжаттамаға сай атқару – заң талабы. «Осыған байланысты жергілікті атқарушы органдар құрылыстарды жоюдың жобалық құжаттамасын әзірлеуге бюджеттен қаражат бөлу үшін алдымен иесіз қалған нысандарды коммуналдық меншікке алу жөнінде тиісті шаралар қабылдауда» делінген Бас прокуратураның өкілінен келген хатта.
Нақтылай кетсек, Ақтөбе облысы Мұғалжар ауданы әкімдігінің өтініші негізінде Қандыағаш қалалық соты қабылдаған шешімге сәйкес, сәуір айында Бұқа бөгеті коммуналдық меншікке өткізілді. Оған қоса, облыс әкімдігі Ойыл өзені бассейнінің ағынын ұлғайту мақсатында су қорғау іс-шараларын дайындады. Бұл мәселе шілде айында өтетін бассейндік кеңесте қаралады. Сондай-ақ Атырау облысы Қызылқоға ауданының аумағымен өтетін өзеннің төменгі ағысындағы арнасын толықтыру үшін Жайық-Каспий бассейндік су шаруашылығы инспекциясы Атырау облысы әкімдігіне Жалаңаш көлінен Көздіғара өзеніне, одан әрі Бәйтік және Арал көлдеріне қарай кететін жаңа арналарды бұзуды ұсынды. Ал, Ойыл өзенінің арнасын қорғауға, атап айтқанда, бұлақтарды тазартып, иесіз құрылыстарды жоюға қатысты шешімдер мезгілінде қабылдағанын қаперге алып, Бас прокуратура Ақтөбе облысының әкімдігі мен инспекцияның атына жағдайды шұғыл ретке келтіріп, заңсыздықтардың орын алуына жол бермеу жөнінде жазбаша ұсыныс жолдапты.
Ойыл өзені өзінің бастауын Ақтөбе облысы Темір ауданы Еңбек ауылының маңындағы бұлақтан алып, Атырау облысындағы А қ т ө б е к ө л і н е қ а р а й т а р т ы л а т ы н ы анықталды. Өзеннің жалпы ұзындығы 800 шақырымды (оның 522 шақырымы – Ақтөбе, 278 шақырымы – Атырау облысының аумағымен өтеді) құрайды.
Өзекті мәселеге орай қойылған депутат сауалына жауап ретінде Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков су ресурстары комитетіне ұсынылған ақпараттың көшірмесін жіберіпті. Онда жоғарыда баяндалғаннан бөлек көптеген деректер келтірілген. Мысалы, Ақтөбе облысының аумағындағы ұзындығы 27-193 шақырым аралығын құрайтын Шиелі, Кенжәлі, Шығырқұмды, Қайыңды, Қиыл өзендері Ойылдың негізгі салалары. Оған қоса, әрқайсысының ұзындығы 10 шақырымнан сәл ғана асатын 15 шақты кіші өзен бар. Көктемде бұлардың бәрінде су тасығанымен, жаз мезгілінде кеуіп, құрғап қалады. Соңғы бес жылда Ойыл өзенінде су ағыны мүлдем төмендеген. Қазір Ақтөбе облысының Ойыл ауданы аумағында республикалық меншіктегі «Тамдыкөл» лимандық суару жүйесі (ауданы 18 817 га) мен Атырау облысының Қызылқоға ауданында «Миялы» лимандық суару жүйесі (ауданы 22 478 га) орналасқан. Суды бөгейтін басқа гидротехникалық құрылыстар жоқ. Өткен жылдары жауын-шашын мөлшерінің өте аздығына байланысты көктемде су тасымаған. Сол себепті, аталған екі жүйеге өзен суын пайдалануға арнайы рұқсат берілгенімен, оны алудың мүмкіндігі болмаған. Ойылдың бойындағы жағдайдың біртіндеп ушыға түсуіне себепші жайттар көптеп келтірілген хаттың соңында төмендегідей ұсыныстар да жолданыпты.
Атырау облысының Қызылқоға ауданында «Миялы» лимандық суару жүйесі (ауданы 22 478 га) орналасқан. Суды бөгейтін басқа гидротехникалық құрылыстар жоқ.
Біріншіден, Ойыл өзені мен оған құятын салаларының арнасын қамыс, қоға сияқты түрлі өсімдіктерден, суды ұстап қалатын, жүрісіне кедергі болатын табиғи бөгеттерден тазарту қажет. Екіншіден, бұрынғы жылдары бассейн көлемінде жүйелі түрде жүргізіліп келген өзендерге ғылыми-зерттеу жұмыстары қайтадан қолға алынып, антропогенттік және климаттық жағдайлардың әсері зерттеліп, зерделеніп отыруы тиіс.
Үшіншіден, өзеннің су көлемін көбейту мақсатында айдындардағы су ағынын тұрақтандыру, қалпына келтіру және экологиялық балансты сақтау үшін жобалаушы мекемелерді тарта отырып, екі облысқа ортақ жасанды су қоймасын салу керек.
Қорыта келе айтарымыз, осы қарекеттердің бәрі елдің қамын жеп, қарапайым халықтың мүддесін ойлап, сойылын соғып жүрген Мәжіліс депутаты Дүйсенбай Нұрбайұлы Тұрғанов көтерген мәселеге атүсті қарамай, маңызды мәселені білек біріктіре шешу жолдарын іздестіру керектігін меңзегендей.
Дәулетқали АРУЕВ