ОЙ-ТАЛҚЫ: Біз …біргеміз бе?
Аtr.kz/26 сәуір, 2020 жыл. Індетке қарсы күрес қоғамды біріктіріп, ортақ мақсатқа жұмылдырды. Дегенмен, «Біз біргеміз» деп атауы жақсы табылған ізгілікті тұжырымды дұрыс түсінбейтіндер де табылуда. Кезіндегі тәрбие жұмысының осалдығынан қалыптасып қалған олардың тар түсінігі ардан гөрі, ақшаны жоғары қоятынын байқатты.
Б ү г і н г і к е з е ң – халқымыз жұдырықтай жұмылып, басқа түскенді бірлесе көтеретін қиын сәт. Осындай тұста бір бірімізді қолтығымыздан демемесек, көмектеспесек, қазақтығымызға сын болар еді. Алайда, оған кереғар болатын мысалдар өмірде жеткілікті. Кейбір отандастарымыздың теледидарға беріп тұрған сұхбаты кезінде олардың пиғылдары анық байқалып қалды. «Карантинге байланысты базарлар жабық, алушы жоқ. Сонда салықты немесе жалға алу құнын қалай төлейміз? Мемлекет жәрдем берсін, жеңілдік жасасын» деп талап қоятындар бар. Кейбір мейрамхана, кафелердің қожайындары да осы деңгей дәрежесінен көрініп қалуда. Олардың осы әрекетін көріп, тұңғиық ойдың тереңіне бойлайсың. Бүкіл халықтың басына түскен ауыртпалықтан олар өздерін тысқары ұстап, судан құрғақ шығайын деуі адамгершілікке жата ма? Карантин кезінде табысы азайса, оны неге өзгеден сұрайды?
Ж а р а й д ы , б ү г і н г і тірлігін олардың арына тапсыралық. Ал, т а м а қ ө н і м д е р і н қымбатсытатындарды қалай түсінеміз? Айтатын сылтаулары көңілге қонымсыз, өтірік сөз екендігі көрініп тұр. Тіпті Үкіметтің тәртібін ең болмағанда көрсетілген тамақтың тоғыз түрі бойынша орындаулары тиіс еді. Ондайларды «құлан құдыққа құласа, оның құлағында ойнайтын құрбақаның» кебін келтіргендер дегің келеді. Қаншама абзал азаматтарымыз өз еріктерімен қайырымдылық шараларын өткізіп жатыр. Бұл олардың байлығы асып жатырғандығынан емес шығар. Солардан неге үлгі алмайды деп ойлайсың. Қайырымдылық жасамай- ақ қойсын, осындай заманда тағам бағасын неге көтереді? Халыққа төнген ауыртпалықты пайдаланып, қалтасын толтыратындарды емес, теледидардан оларға сол бойда қандай шара алынғаны жөнінде айтқан абзал. Бір-екеуінің бутигін жауып, саудасын тоқтатып, төтенше жағдай заңдарын орындамаған ретінде мәселе көтерсе, басқаларына да сабақ болар еді. Ал, біз «анау қымбат екен, мынау қымбат екен» деп айтамыз да қоямыз. Елінің амандығынан гөрі, өз қалтасының қалыңдағанын артық көретін таксистер әрекеттері де сорақы.
Жалпы, осындай қысыл- таяң кезде тәртіп қатал болуы керек. Сылап-сипайтын уақыт жоқ, инфекция жайылып барады. Кейбіреулердің талаптың төмендігінен арақ ішіп, не жүргізуші куәлігінсіз рульге отырып, түннің бір уақытында көшеде тайраңдауына неге жол беріледі? Полицияға қол көтеретіндерге не дейміз? Блок-бекеттерден де өтіп жатырғандардың қарасы баршылық. Еліміз бойынша науқас жұқтырғандар шамамен он мың азаматтың біреуі, ал Нұр-Сұлтанда одан төрт есе көп, яғни 2500 адамға біреуден келеді. Науқастылықтың Нұр- Сұлтанда, мысалы, Алматыдан да әлдеқайда көп болуы ойландырады. Қатаң талапты пысқырмайтындар басқа аймақтардан да табылады.
Осы кезеңде тәртіп сақшыларына ерекше міндет жүктеліп отыр. Олардың өз қызметін асыра пайдалануына мүмкіндік берілмеуі керек. Жуырда анасына топырақ салуға келген қызылордалық азаматты өз көлігімен ауылына кіруіне рұқсат бермеген. Ақыр соңында мәселе облыстық штабқа дейін жеткен жағдай болды. Тараптар уақытында түсіністікке келсе, мұндай жағдай туындамас еді.
Қатимолла РИЗУАНОВ,
облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы