propop

Атырау қаласында ерекше ескерткіштер бой көтерді

Жаңалықтар Мәдениет Шаһар шырайы

Аtr.kz/1 маусым, 2020 жыл. Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театры алдына театр мен кино өнерінің хас таланттары, КСРО және ҚР Халық әртістері Нұрмұхан Жантөрин, Сәбира Майқанова, Хадиша Бөкеева мен Асанәлі Әшімовтерге ескерткіштер қойылды.

Композиция «Шығармашылық әңгіме» деп аталады. Театр директоры Берік Жәменовтің айтуынша, өнер тарландарына арналған ескерткіш орнату идеясы өткен жылы пайда болыпты.

– Біз халық әртістерінің есімдерін, отандық кинематографияның және Қазақстандағы заманауи кәсіби театр өнерінің даму бастауында тұрған атақты адамдардың бейнелерін халық жадында сақтауға тиіспіз, – деді Берік Қилекешұлы.

Композицияның авторы – тәжірибелі алматылық мүсінші Гүлфия Мелдеш.

Гүлдана ЖАМБОЗОВА

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған