Жарнама
Жаңалықтар

ӨЗГЕРІС ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ

Атырау облыстық ішкі саясат басқармасының қолдауымен және «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының ұйымдастыруымен қаламызда екі күндік оқыту курсы өткізілді.

68606e7d b803 4be9 9e45 1d7cc02c0516

«Өзгеріс көшбасшылары» жас саясаткерлер мектебі жобасы аясында “Бюджет” бағыты бойынша өткізілген бұл шараның басты мақсаты – жастарды жергілікті деңгейде әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге тарту және бюджет бағыты шеңберінде білімдері мен біліктіліктерін арттыру болып табылады. Курсқа «Өзгеріс көшбасшылары» мектебінде дәріс алып, алдын ала іріктеу арқылы таңдалған отыз жас саясаткер қатысты.

e1e8d978 7521 4aa8 b540 6131e8bfb4fd

Курсты жүргізген спикер – “Zertteu Research Institute” қоғамдық қорының төрайымы, қаржы саласының білікті маманы Шолпан Айтенова. Оның айтуынша, қай елде болмасын, оның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен өсіп-өркендеуіне әр салаға қатысты қабылданған мемлекеттік бағдарламалардың тигізетін әсері мол, ықпалы зор. Алайда бұл бағдарламаларда көзделген іс-шаралардың мақсатты әрі толықтай орындалуы жергілікті атқарушы билік пен басқару құрылымдары басшыларының ұйымдастырушылық және көшбасшылық қабілетіне байланысты.

Осыған орай, бюджеттің көлемі мен деңгейі қалыптасады. Ұлттық қордың қалыптасуы, бюджет процесі, бюджеттік жоспарлау, бюджетті қарау және бекіту сынды басқа бағыттар бойынша да білімді жетілдіріп, толықтырып отыру маңызды. Спикер осыны меңзеп, елдің жан-жақты табысты өркендеп, дамыған мемлекеттердің деңгейіне жетуі үшін ең алдымен экономиканы әртараптандыру қажеттігін атап өтті. Оған жету үшін мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру, оны уақыт талабына сай өзгертіп отыру керектігін айтты.

Сайып келгенде, қоғамдағы қандай да болмасын өзгеріс пен оң үрдіс әркімнің өзінен басталатынына назар аударды. Осыған орай, курсқа қатысушылар өз ой-пікірлерін білдіріп, ұтымды ұсыныстарын ортаға салды. Ақырында, қандай қоғамдық формацияда да мемлекеттік жоспарлау тетіктері мен дамыту стратегиясы мен тұжырымдамасын қалыптастырып, тиімділігіне қол жеткізу үшін қажетті механизмдерді уақытылы іске қосу маңызды екені айтылды. Жергілікті өзін-өзі басқару институтын да оңтайлы бағытқа бейімдеу қабылданған міндеттемелердің орындалуына кепілдік беретіні сөзсіз.

Дәулетқали АРУЕВ

Суреттерді түсірген: Ерлан АЛТЫБАЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button