
Өзгенің ЭЦҚ кілтін пайдаланғандарға айыппұл салынады
Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану ережесі күшейтілді. 13 наурыздан бастап басқа адамның ЭЦҚ кілтін пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қамтитын талаптар күшіне енді.
Айыппұл мөлшері жеке тұлғалар үшін – 50 АЕК (196 600 теңге); шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін – 100 АЕК (393 200 теңге); орта кәсіпкерлік субъектілері үшін – 150 АЕК (589 800 теңге).
–Бұған дейін әкімшілік жауапкершілік тек ЭЦҚ кілтін үшінші тұлғаларға заңсыз беру және оны қорғау бойынша тіркеу куәлігінің иесі тарапынан қажетті шараларды қабылдамау жағдайларына ғана қолданылатын. Енді өзгерістер күшіне енгеннен кейін, ЭЦҚ-ны заңсыз берген де, оны пайдаланған тұлғалар жауапкершілікке тартылады, — деп хабарлады Цифрлық даму министрлігі.
Бек АЙДАРӘЛИ
Сурет: gov.kz