Жол-көлік оқиғасын жасап, ізін жасырды

avariya0 Жаңалықтар

Оқиға 1 желтоқсан  сағат 20:15 шамасында Атырау қаласындағы Берғалиев көшесінде  орын алған.

102 операторына хабарласқан 20 жастағы Opel Astra көлігінің жүргізушісі, белгісіз автокөліктің қарсы бағытқа шығып, соқтығыс салдарынан көлігіне залал келтіріп, тоқтамастан  кетіп қалғаны жөнінде шағымданды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнында сызба жұмыстарын жасап, тиісті іс құжаттарды рәсімдеумен қатар,  Іздестіру жұмыстарын жүргізеді. Нәтижесінде жол көлік оқиғасын жасап, ізін жасырған
Chevrolet Cruise автокөлігі  анықталды.

27 жастағы жүргізушіге қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 610 бабы 1 бөлігімен (көлікті бүлдіру) және 611 бабы 2 бөлігімен (оқиға орнын тастап кету) әкімшілік хаттамалар жасақталып мамандандырылған әкімшілік сотқа жолданды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз