Жарнама
Жаңалықтар

“Өзекті мәселені бірлесіп шешеміз!”

Мұнайлы өлкеге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық кеңсесінің делегациясы келді.

aa831111 45a8 438b b9ca 4bbfef75f2e0

Делегация құрамына ДДҰ Еуропалық аймақтық бюросының директоры Робб Батлер, ДДҰ-ның Қазақстандағы елдік кеңсесінің жетекшісі доктор Сыла Скэндер, қоғамдық денсаулық сақтау бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі Лаура Өтемісова, ДДҰ-ның Еуропалық орталығының қоршаған ортаны қорғау және денсаулық саласындағы саласындағы өкілдері Нетаньяху Синая, Ирина Застенская және Пьерпаоло Муду бар.
Ұйым өкілдері сапарының негізгі мақсаты – қоршаған ортаны зерделеп, экологияның жергілікті халықтың денсаулығы мен әл-ауқатына тигізетін әсерін анықтау. Өңір басшысы Серік Шәпкенов мәртебелі меймандармен кездесуде әріптестерін, мамандар мен қоғам өкілдерін барынша объективті болып, облыстың экологиялық ахуалына жан-жақты баға беруге шақырды.

-Осыдан екі жыл бұрын әкімдік Қоршаған ортаны қорғау мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құрып, кешенді іс-шаралар жоспарын қабылдады. Құрамына өңірдің белді экологтары, сарапшы мамандар қосылған болатын. Осы комиссия ұсыныстары негізінде жоспарларымыз пысықталды. Соның ішінде, өңіріміздің экологиялық жағдайын зерделеп, келтіріліп отырған залалдарды өтеу мәселесі де талқыға салынды. Осы сұрақтарды әкімдік жүйелі шешу бағытындаұйымдастыруда. Сіздермен бірлескен жұмысымызда өнеркәсіптік қызметтің аймақтың биоалуандығына әсерін зерттеу, дерттердің алдын алу мен емдеудің тиімді бағдарламаларын әзірлейтін нақты шараларды көргіміз келеді. Экологиялық тәуекелдерді азайту жолында барлық қажетті ресурстар мен деректерді ұсынуға біз дайынбыз, — деді облыс әкімі Серік Шәпкенов.
Ұйым өкілдері облыс әкімінің бастамасы бойынша арнайы шақыртумен келген болатын. Басқосу барысында өндіріспен қатар басқа да қоршаған ортаға залал тиізетін факторлар да атап айтылды. Ұйым өкілдері мәселені зерделеу барысында барлық мәлімет ескерілетінін жеткізді.

Айбөпе САБЫРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button