Өңірлік басылымдардың бағы ашыла ма?

rerkere Жаңалықтар

Бүгінде әлеуметтік желілер қарқынды дамыған кезеңде дәстүрлі баспасөздің жағдайы қалай болады? Басылымдардың бағы ашыла ма? Алматыдағы “Достық үйінде” өткен Өңірлік мерзімді басылымдардың республикалық ІІ форумында осы сынды сауалдар талқыға түсті.


Бұқаралық ақпарат құралдары – халық пен билік арасындағы алтын көпір. Сондықтан, мемлекет ақпарат құралдарының еркін де сапалы жұмыс істеуі үшін әрдайым қолдау көрсетіп отырады. Өңірдегі халықтың көңіл-күйін жеткізетін тілшілер болғандықтан, аймақтағы ахуалдың бет-бейнесі көрсетілетін ақпараттың сапасына байланысты екені де белгілі, – деді Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы Мейірлан Раханов.
ІІ Өңірлік мерзімді басылымдар форумына ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Қазыбек Иса мен Ермұрат Бәпи, ҚР Президенті баспасөз хатшысының орынбасары Ержан Байтілес қатысты.

Форумда атыраулық журналистер “Атырау-Ақпарат” ЖШС бөлім меңгерушісі Қаршыға Көшеков “Ақпарат саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталды. Облыстық “Прикаспийская коммуна” газетінің бөлім меңгерушісі Светлана Новак Мәдениет және ақпарат министрінің Құрмет грамотасына ие болды.


Азамат БАЗАРБАЕВ

Суретті түсірген автор

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Исатай Балмағамбетов

    Құтты болсын, Қаршыға, Светлана! Әбден лайық марапат!