Жарнама
Жаңалықтар

Өңірдегі бюджет кірісі 100,2% -ға орындалды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкеновтің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті ХIV сессиясы өтті, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Облыстық мәслихат хатшысы Әлібек Нәутиевтің төрағалығымен өткен сессия отырысына облыс әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы мен басқарма басшылары, облыстық мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде Атырау облысының 2021 жылға арналған бюджеттің игерілуі, облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің 2021 жылғы бюджетке салықтық түсімдердің орындалысы және 2022 жылға салық салынатын базаларды кеңейту, облыстық мәслихаттың кейбір шешімдерінің күшін жою, оқушылардың жазғы уақыттағы демалысы мен сауықтыруды ұйымдастыру шаралары, облыстық мәслихаттың 2021 жылғы 13 желтоқсандағы №105 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізулер мәселелері сөз етілді.

Өңір басшысы Серік Шәпкеновтің мәліметінше, өңірдегі бюджет кірісі 100,2% -ға орындалса, шығыс 99,8% -ға игерілген.

468,9 млрд көлемінде жоспарлаған бюджеттің кірістері 470,0 млрд теңгеге яғни 100,2 пайызға атқарылды. Оның ішінде республикалық бюджеттен түсетін трансферттер мен кредиттерді қоспағанда кірістер 144,2 млрд теңге көлемінде жоспарланып, орындалысы 150,6 млрд теңге немесе 104,4% құрады. Ал 473,9 млрд теңгеге жоспарланған бюджет шығыстары 472,9 млрд теңге немесе 99,8 пайызға игерілді, деді С.Шәпкенов.

Жиын соңында өңір басшысы қозғалған мәселердің маңыздылығымен ұсыныс-пікірлерін ескеріп, салықтық түсім толық және уақытында орындалу қажеттігін айтты.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button