Жарнама
Жаңалықтар

Өңірде “Atyrau Creative Hub” шығармашылық алаңы ашылды

Атырау қаласында жастар үшін тағы бір маңызды бастама жүзеге асты. Key Transform қоғамдық қорының бастамасымен және облыстық ішкі саясат басқарманың қолдауымен “Atyrau Creative Hub” атты жаңа креативті кеңістік өз есігін айқара ашты.

Облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Жәрдемқызының хабарлауынша, бұл – қағаздағы жоба ретінде басталған идеяның нақты өмірде жүзеге асқан ерекше сәті. Аталған жоба жастардың шығармашылығын дамытуға, идеяларын жүзеге асыруға және әлеуетін танытуға бағытталған.

Атыраулық жастар соңғы жылдары музыка, театр, бейнеөнер салаларында белсенділік танытып келеді. Мәселен, “Jaiyq Corp” тәуелсіз жастар театры, “Атырау Жастар театры” және “Kilen Hub” секілді орталықтар жас креаторлардың тоғысатын орталығына айналды. Бұл алаңдарда түрлі қойылымдар, шеберлік сабақтары мен шығармашылық жобалар жүзеге асырылып келеді.

Бүгінде Атырау жастары республика көлемінде сапалы бейнебаяндар түсіріп, авторлық әндер жазып, өз өнерлерін кеңінен танытуда. Ал “Atyrau Creative Hub” осы шығармашылық толқынға жаңа серпін беріп, креативті индустрияны дамытуда маңызды рөл атқарады.

Жоба авторларының айтуынша, бұл кеңістік жастар арасындағы ынтымақтастықты арттырып, жаңа идеялардың тууына, заманауи өнер мен технологияның тоғысуына мүмкіндік береді.

Алтыншаш ҚҰРМАШЕВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button