ҚҰРБАН АЙТ МҮБӘРАК БОЛСЫН!

Құрметті атыраулықтар!

Сіздерді барша мұсылмандар үшін қасиетті мереке – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын!

 

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында елімізде дінаралық татулық нығайып келеді. Еліміз Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі арқылы әлемге дінаралық конструктивті диалогтың қазақстандық үлгісін ұсынды. 2006 жылдан бері Құрбан айт пен Рождество мерекелері демалыс болып жарияланды. Бұл – халқымыздың сан ғасырлық тарихы мен ұлттық құндылықтарын қайта тірілтуге қосылған үлес.

«Құрбан» сөзі араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді. Бұл күні мұсылман адам құрбандық шалу, игі істерді орындау арқылы Аллаға жақындай түседі. Құрбан айт адамдарға бір-біріне мейі-рімді, кешірімді болуды, жанашырлық танытуды үндейді. 

Құрбан айт – отбасы мен қоғамның ынтымағын арттыратын мереке.

Бұл мереке бәрімізге де құт-береке, ынтымақ, ырыс әкелсін. Еліміздің мерейі үстем, тәуелсіздігіміз мәңгілік болғай!

Мереке құтты болсын, ағайын!

 

Атырау облысының әкімі

Б.Ізмұхамбетов

 

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз