Жарнама
Жаңалықтар

Өңірде әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған «Жарқыра» бағдарламасының жаңа кезеңі басталды

Бұл туралы Атырау облысындағы әлеуметтік бағдарламалар және инновациялар қорының, «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының басшысы Ирина Горбаченко баспасөз брифингінде мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Облыста 2016 жылдан бері «Теңізшевройл» ЖШС-нің қаржылық қолдауымен «Жарқыра» әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы жұмыс жасап келеді. Бағдарламаның мақсаты — облыстағы қоғамдастықтарының әлеуметтік, экономикалық және экологиялық мәселелерінің тұрақты бизнес-шешімдерін ұсынуға бағытталған инновациялық әлеуметтік бастамаларды дамытуға көмек көрсету. Жоба әлеуметтік кәсіпкерлікті қолдаудың барлық циклін қамтиды. Ол кәсіпкерлерді оқыту, гранттар мен пайызсыз несиелер беру, тағылымдамалық және менторлық қолдау.

-Осы күнге дейін жоба аясында әлеуметтік кәсіпкерлік бойынша 7 байқау өтті. Байқау жеңімпаздары жалпы сомасы 111 млн теңгеден асатын 51 жоба бойынша өз кәсіпорнын ашуға немесе дамытуға қаржылық қолдау алды. Сондай-ақ, ТМД елдерінің үздік әлеуметтік кәсіпорындарында тәжірибе алмасу бойынша консультациялық қолдау мен тағылымдамадан өтті. «Жарқыра» жобасы құрылғаннан бері білім беру саласы, әлеуметтік қызметтер көрсету, денсаулық сақтау, ерекше қажеттіліктері бар адамдармен жұмыс сынды түрлі әлеуметтік жобалар қолдау тауып келеді. Биыл да бұл жобаның жаңа кезеңі басталмақ. Егер сіз де өз әлеуметтік кәсібіңізді бастаған болсаңыз немесе неден бастарыңызды білмей жүрсеңіз, біз сізді 16-19 наурыз күні Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде өтетін семинарға шақырамыз,- деді И.Горбаченко.

Баспасөз конференциясына «Жарқыра» жобасының 2018-2019 жылдары жеңімпаз атанған, бүгінде өз кәсіптерін дөңгелетіп отырған Гүлжан Елешева мен Назымгүл Сагналиева қатысты. Олар жобаның маңыздылығы мен кәсіп бастауға ниеттеніп жүрген жастарға өз кеңестерін берді.

-Менің бұл жобаға келуімнің өзі қызық болды. Бірнеше жылдар бойы журналистика саласында еңбек етіп жүріп, бірде осындай жоба барын естіп, семинарларына қатыстым. Шынымен осы жерде жүріп бүгінде өз кәсібімді жандандырып отырмын. Қазір сіз кәсіпкер болмасаңыздар да, семинар-тренингтерге қатысып көрсеңіздер жобаның маңыздылығын түсініп, жеке кәсібіңізді ашуға жаңа идеялар туатынына мен сенімдімін,- деді Г.Елешева.

Атырау облысын ғана қамтитын «Жарқыра» бағдарламасы мультипликативті нәтижеге ие. Себебі, жоба 51 әлеуметтік кәсіпкерді қолдады. Сондай-ақ, 23 000-нан астам облыс тұрғынына, оның ішінде даму ерекшеліктері бар 698 балаға көмектесті және 218 жаңа жұмыс орны құрылды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button